Үстіміздегі жылдың 24 қарашасында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді

Семинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің штаб офицері Балғабеков Бауыржан Нұрлыбекұлы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Жаппаров Камалидин Зинтайұлы қатысты.

Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш өзінің алғысөзінде қаралатын мәселенің маңыздылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекет  саясатының басымдылығын атап өтті.

Тексеру комиссиясы қызметінің ерекшелігіне қарай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істейді. Осылайша, анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасы бұзушылықтарының (оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты) алдын алуға бағытталған материалдар тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарында және мекеменің интернет-ресурсында жарияланады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын бекіту және орындау жолымен жүргізіледі. Әсіресе, аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға ерекше көңіл бөлінеді.

Аталмыш мәселе бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің (К.З. Жаппаров) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері (Б.Н. Балғабеков) сөз сөйлеп, семинар барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөнінде бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме берілді.

Тақырыптық кездесулер өткізу ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесін нығайтуға және сыбайлас жемқорлық көрінісіне «нөлдік» төзімділік қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді әдістерінің бірі болып табылады.