Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана Су Арнасы» МКК-да мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қарастырылды

Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Қала қажеттіліктерінің өсу қарқынына қарай сумен жабдықтау және су бұру желілерінің инфрақұрылымы да белсенді дамуда. Су құбырлары және су бұру желілерінің ұзындығын арттыру динимкасы сақталуда, ауыстыруды қажет ететін желі учаскелері қысқаруда.

Сонымен бірге, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК-да жүргізілген мемлекеттік аудитпен Кәсіпорынның тиімдірек қызмет етуіне мүмкіндік бермейтін бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Аудит қорытындылары бойынша 12 586 749,7 мың теңге жалпы сомасына 38 рәсімдік бұзушылық фактісі анықталды.

Жалпы қаржылық бұзушылықтар сомасы 5 422 564,6 мың теңгені құрайды, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 5 387 417,2 тыс. теңге, өтеуге жататыны - 35 147,4 млн. теңге.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.