Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қолдауымен өткізілген, Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментімен келісе отырып, мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша үздік ұйымдастырушы аймақтық байқауына белсенді қатысты

Байқау жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің арасында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын насихаттау мақсатында өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Еркін Ерікұлы Рашидов «Мамандығы бойынша үздік» номинациясында жеңімпаз деп танылды.

Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында салтанатты жағдайда дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.