«Astana Venue Management» ЖШС квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2023 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) отырысы өтті, онда «Astana Venue Management» ЖШС-де квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Аудит «Astana Venue Management»  ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қызметі  Серіктестіктің Жарғысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен айқындалған қызмет түрлерінің Тізбесіне сәйкес келмейтінін көрсетті. Жарғыға сәйкес Серіктестік қызметінің негізгі түрі «Экономикалық қызметті тиімді жүргізуді реттеу және ықпал ету», ал іс жүзінде Серіктестіктің негізгі қызметі бекітілген баға прейскурантына сәйкес үй-жайларды, залдарды және басқа да мүліктерді өтеулі түрде беру жолымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілерді басқару болып табылады.

Сонымен қатар, тексеру кезінде Серіктестік сенімгерлік басқаруға берілген нысандарды (Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік пен Келісім Сарайы және Бәйтерек монументі) басқару жөніндегі қызмет тұтастай алғанда мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылған. Алайда, сенімгерлік басқаруға беру туралы қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, Астана қаласы әкімдігінің 2020 жылғы
22 қыркүйектегі №501-1987 нысандарды жарғылық капиталды толықтыруға беру  туралы қаулысы негізінде тендер өткізілмей  жүзеге асырылғанын, ал іс жүзінде осы уақытқа дейін капиталды толықтыруға беру жүзеге асырылмаған.

Аудит Басқару органы тарапынан Серіктестікті басқару мен бақылау тиісті деңгейде жүргізілмейтінін анықтады. Басқару органы даму жоспарына енгізу үшін Серіктестікке  қызмет  мақсаттарын, міндеттерін және негізгі көрсеткіштерін, сондай-ақ әкімшілік шығыстарының  лимиттерін жеткізбеген. Қызметті жоспарлау Даму стратегиясын негізсіз бекітумен шектелген. Серіктестіктің Қадағалау кеңесімен материалдық және қаржылық ресурстарды пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді туғызатын маңызды ішкі құжаттарды келіспеуге мүмкіндік беретін Серіктес Жарғысына өзгерістер енгізген.

Серіктестіктің Даму жоспарында заңнамада көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің негізгі стратегиялық құжаты болып табылатын мақсаттардың, міндеттердің және қызметтің түйінді көрсеткіштерінің, Серіктестік қызметінің тиімділігін бағалауды, сондай-ақ басқару органы тарапынан бақылау жүргізудің болмауы айтарлықтай қиындатады.

Аудит Серіктестіктің ішкі бақылау жүйесінің материалдық және қаржы ресурстарын тиімсіз пайдаланудың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттыратын, ішкі бақылау құралдарының тиімділігін төмендететін елеулі кемшіліктердің болуын көрсетті, ал жекелеген  жағдайларда анықталған бұзушылықтардың, жоғалған пайда мен активтерді тиімсіз пайдалану фактілерінің ықтимал себептері болып табылады.

Тексеру кезінде Серіктестік үй – жайларды жалға беруді орташа нарық бағасынан төмен бағамен жүргізгені анықталды, нәтижесінде жоғалған пайда 1 161 963,4 мың теңгені, оның ішінде 2021 жылы – 357 634,3 мың теңге,
2022 жылы – 655 781,9 мың теңге және 2023 жылы-148 547,2 мың теңгені құрады.

Жалпы сомасы 1 063 542,2 мың теңгеге мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілеріне жол берілген, олардың негізгілері мыналар:

- Тәуелсіздік сарайының ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін жалпы сомасы 955 875,8 мың теңгеге бюджеттік қаражат  пайдаланылды, содан кейін оны толық қайта жаңарту басталған;

- Технологиялық жабдыққа сметалық пайданы есептеу нәтижесінде ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттаманы жасау кезінде жалпы сомасы
5 181,4 мың теңгеге тиімсіз жоспарланған, оның ішінде 5 090,0 мың теңге пайдаланылған;

- Серіктестік қызметіне қатыспаған шығармашылық бөлімнің еңбегіне жалпы сомасы 92 507,3 мың теңгеге ақы төленген;

- Мемлекеттің активтері басқару органының лимиттерінсіз көлік қызметтерін (Бәйтерек монументі нысанының клиенттерге қызмет көрсету қызметінің қызметкерлерін тасымалдау үшін такси қызметтері) сатып алуға 9 660,9 мың теңге сомасында тиімсіз жоспарланған және пайдаланылған.

Серіктестіктің 2021 және 2022 жылдардағы қаржылық есептілігі бұрмаланған, оның ішінде cәйкесінше 2 937,6 мың теңгеге және 2022 жылы
2 235,6 мың теңгеге.

Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 8 967,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде 5 675,3 мың теңгесі өтелуге  тиіс (аудит барысында 585,3 мың теңге өтелді) және 3 292,6 мың теңге қалпына келтірілуге тиіс (толық көлемде қалпына келтірілді), мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы – 1 063 542,2 мың теңге, ықтимал шығындар  және жоғалған пайда сомасы – 1 161 963,4 мың теңге, 37 рәсімдік бұзушылық және 9 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Тексеру комиссиясы аудит нәтижелерінің 19 фактісі бойынша  әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды тиісті органдарға жолдады.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.