2020 жылғы 20 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жұргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары әкім аппаратының қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол беретіндігін көрсетті.

Әкім аппараты бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және бекіту кезінде оны жасау жөніндегі талаптарды сақтамаған, көрсетілген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыс сомалары шығыстар толық, шынайы және негіздеуші ақпаратпен расталмаған. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауқымындағы төтенше жағдайларды алдын алу жіне оларды жою» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде жалпы атаулылық және нысаналы сипаттағы қағидатты сақталмауына жол берілген. Сондай-ақ, аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің қағидаттарын сақтамауы 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына алып келді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит Әкім аппаратының Ережесін, Әкімдік Регламентін, құрылымдық бөлімшелер туралы Ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бірқатар жүйелі кемшіліктері мен бұзушылықтарын анықтады. Осы сияқты, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының заңды күші жойылған жағдайда ішкі құжаттарды өзектендіру жүргізілмеген.

Жүргізілген талдау аппарат қызметкерлерімен Әкім аппараты туралы Ережеде, ұзақ мерзімді перспективаға арналған жұмыс жоспарында көзделген бірқатар функциялардың (немесе ұсынылған құжаттар олардың тиісінше орындалмағанын куәландырады) орындалуы туралы құжаттар мен ақпараттың жоқ екендігін көрсетті, бұл «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңның 9-бабының 2-тармағының талаптарын сақталмауына әкеп соқтырды.

Аудитпен, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес өнім берушілермен шарт жасасу және міндеттемелерді орындау барысында жіберілген рәсімдік бұзушылықтар атап өтілді. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану бөлігінде шаралар қолданылмаған.

Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде негізгі құралдардың толық тозуы, техникалық ескірген және жөндеуге жатпайтын техникалық қорытындылар болған жағдайда оларды уақтылы есептен шығару бойынша тиісті іс-әрекеттер жүргізілген жоқ.

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін Тексеру комиссиясы тапсырмалар мен ұсынымдар әзірленіп, аудит объектісіне және мүдделі тұлғаларға жіберілді.