Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті

Отырыс барысында Астана қаласының отын-энергетикалық кешенін дамытуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы шығарылды.

Отырыс барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Ғ.П. Құрманмен Астана қаласының Энергетика басқармасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша уақтылы және толық көлемде шаралардың қабылданбауынан Басқарма басшылығы жағынан анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстың жеткіліксіз ұйымдастырылуы және тиісті бақылаудың жоқтығы, Келісіммен көзделген он бес тікелей нәтижелер көрсеткішінен тек бесеуіне ғана қол жеткізілгені, тапсырушылармен орындалмаған жұмыстар көлеміне төлеу, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамаға қосылмаған жұмыстарға төлеу фактілерінің анықталғаны атап өтілді.

Сондай-ақ, жекелеген бұзушылықтар бұрын жүргізілген тексеріс барысында анықталған болатын және олар бойынша тиісті түрде шаралар қабылданбаған.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.