2014 жылғы 28 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті

Салтанатты іс-шараға Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері, бөлім басшылары және бас инспекторлар қатысты.

Кіріспе сөзімен және құттықтаумен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш сөйледі.

Өзінің сөйлеу сөзінде Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш елдің қалыптасуы мен дамуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі туралы, Тұңғыш Президенттің тарихи сіңірген еңбегін, экономикалық мықты, демократиялық даму, әлеуметтік жауапты мемлекет құру бойынша оның жасампаздық қызметін, әлемдік қоғамдастықта құрметті серіктес екендігін атап кетті.

Салтанатты іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы талқыланды. Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М.М. Ахметов сөз сөйледі.

Сөз соңында Ғ. Молдаш «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламалық құжатында белгіленген мақсаттарды іске асыруда әрбір қызметкердің жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымы жөнінде айтып өтті.

Мәжілістен фотосуреттер