Ағымдағы жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуын бағалау, оның ішінде Бизнестің жол картасы 2020, Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020, сондай-ақ Индустриалдық парктің даму деңгейін бағалаудың қорытындысы қарастырылды

Индустрияландыру картасына кіретін кәсіпорындардың қызметін талдау 2010-2014 жылдары аталған кәсіпорындармен 80,0 млрд. теңгеден астам қаражат инвестицияланғанын көрсетті.

Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша аталған жобаларды іске асыру 1 629 тұрақты жұмыс орнын құруға, 157,8 млрд. теңге өнім шығаруға мүмкіндік беріп, бұл елорданың өңдеуші өнеркәсібінің жалпы көлемінің 28%-ын құрады.

Бұдан басқа, 2010-2014 жылдары Индустриалдық парк аумағында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындармен  жалпы сомасы 70,3 млрд. теңгеге инвестиция игерілген, жалпы құны 328,1 млрд. теңгеге өнім шығарылып, 2 529 жұмыс орны құрылған.

Сонымен қатар, бақылау іс-шарасымен Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдар қызметіндегі жекелеген кемшіліктер атап өтілді.

Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдардар арасында нақты іс-қимылдың жоқтығын көрсетті.

Мысалға, Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 шеңберінде Білім, жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармалары арасында қызметтерді үйлестірудің жоқтығынан, елорданың еңбек нарығында бос жұмыс орындарының шектеулі болғанына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсырысымен мамандарды дайындау бойынша мамандықтардың қайталануы байқалады.

Бизнестің жол картасы 2020 бойынша салық және басқа да ұйымдармен ұсынылатын есеп беру деректерінде едәуір айырмашылықтар анықталды.

Бұдан басқа, арнайы экономикалық аймақтың қызмет етуі шеңберінде «Астана-жаңа қала» АЭА әкімшілендіру басқармасымен жүргізілетін АЭА қатысушыларына төмен мониторинг атап өтіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша өкілетті органдар мен ұйымдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Фото