Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді

2022 жылғы 21 желтоқсанда сағат 10:30-да Сарыарқа даңғылы 13, 5-қабат, 507-кабинет (мәжіліс зал) мекенжайы бойынша Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының «Сумен жабдықтау, су бұру және нөсерлік кәріз және газдандыру жүйелерін дамытуға бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша отырысы өтеді.