Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдері аппараттарының жекелеген бюджеттік бағдарламаларды дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары

Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдері аппараттарының жекелеген бюджеттік бағдарламаларды, оның ішінде экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол берілгенін көрсетті.

2021 жылғы 1 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдері аппараттарының жекелеген бюджеттік бағдарламаларды, оның ішінде экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберіндегі бағдарламаларды іске асыру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралып, аудан  әкімі аппараттарының қызметкерлерінің жұмысында орын алған  кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтады.

Инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу кезінде аудан әкімі аппараттары жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәртібі мен шарттарын орындау кезінде бірқатар бұзушылықтар орын алған (қаржыландыру мәселесі, мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, жұмыс орындарын құру мехнизмі, бағдарламаға қатысушылар жалақысының орташа мөлшері, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесінің кемінде 90% сақталуы қамтамасыз ету), олар жалпы  алғанда жұмыспен қамту Жол картасының 2020-2021 жылдары  орындалуына  әсерін тигізбей қоймады.

«Есіл» және «Сарыарқа»  аудандары әкімінің аппараттарында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту кезінде баға белгілеу тәртібі бойынша бұзушылықтарға жол берілген, бұл өз кезегінде бюджеттік қаражаттың артық жұмсалуына , тиісінше 33 901,8 мың теңгеге және 32 168,0 мың теңге көлемінде  шығынға алып келді.

«Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты шағын сәулет нысандарын және ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салу кезінде эскиздерді (эскиздік жобаларды) әзірлеу және жасау бойынша уақтылы іс-қимылдардың қабылданбауынан  инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қандай да бір құжаттамасыз, құрылыс және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның  келісімісіз жүргізілген.

Жобалар бойынша қаржыландыру сомасы ұлғайған кезде қосымша жұмыс орындарын  құру жөніндегі шарттарға  түзету жүргізілмеген, бұл ретте кейбір шарттарда құрылатын  жұмыс орындарының  саны бойынша міндеттемелердің техникалық сипатамасы ғана көрсетілген және шарттың міндеттемелерінде жазылмаған.

Жобалардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын және олардың нәтижелілігін бағалау  жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің қысқа мерзімділігін (бір айдан аз), тұрақты жұмыс орнын ұсынудың мүмкін еместігін көрсетті. Нәтижесінде жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштерге қысқа мерзімге ғана  қол жеткізіледі, ал жұмыспен қамтудың Жол картасына сәйкес іріктеу кезінде ең көп еңбекті қажет ететін технологияларды талап ететін, ең көп жұмыс орындарын құратын және жұмыс ұзақтығы мен жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар саны бойынша барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беріледі.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңын бұза отырып, агенттердің міндетті зейнетақы аударымдары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша аударымдары уақтында  аударылмаған, қызметкерлердің құқықтары сақталмаған. Сондай-ақ, ЖҚЖК іске асыру аясында жаңадан жұмысқа орналасқан жұмыссыз азаматтарға ақшалай қаражат төлеудің дұрыстығына күмән тудыратын фактілер бойынша төрт мердігер ұйым анықталды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, сәулет қызметі саласындағы заңнаманы, мемлекеттік сатып алу, Бюджет және өзге де заңнаманы бірқатар бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, жұмыстарды жүргізу кезінде абаттандыру ережелері мен жасыл желектерді күтіп ұстау ережелерінің талаптары сақталмады.

Осыған байланысты, аудан әкімдерінің  аппараттары 2020 жылға арналған бюджетті жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімдерде қамтылған есептердің, оның ішінде өздерінің балансында тұрмайтын нысандарды (көшелерді және саябақтарды жарықтандыру, тіректерді, көшелерді, скверлерді және ауданның кварталішілік аумақтарын ұстау) күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етпеген, осының  салдарынан  2020 жылға арналған  бюджеттің 008, 009, 011  бағдарламаларының жоспарлау кезінде 13 353 748 мың теңге бюджеттік жүйенің негізділігі  мен тиімділігі  қағидаттарының сақталмауына алып келді.

Негізгі құралдардың сақталуын есепке алу және бақылау тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған, абаттандыру элементтерін консервациялау кезінде негізгі құралдарды материалдарды сақтауға қабылдау-беру актілері жоқ. Бұдан басқа, активтердің басым бөлігі шатырсыз және жабынсыз ашық кеңістікте орналасқан, оларда түгендеу нөмірлері жоқ, атаулары мен түгендеу нөмірлері бойынша есепке алу журналы жүргізілмейді. Негізгі құралдар объектісін және инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдау кезінде негізгі құралдарды есепке алудың түгендеу карточкаларында (№ОС-6 нысаны) объектінің қысқаша жеке сипаттамасы, атап айтқанда алаңы (м ш.м.), ұзындығы (м) және басқалары көрсетілмеген.

Бухгалтерлік есеп саласындағы заңнама нормаларын бұза отырып, бухгалтерлік есеп жүйесінде жалпы сомасы 6 274 663,1 мың теңге негізгі құралдарды кіріске алу бойынша операциялар мен оқиғаларды көрсету қамтамасыз етілмеген («Алматы»  ауданы әкімінің аппараты - 882 486,2 мың теңге; «Байқоңыр»  ауданы әкімінің аппараты - 761 094,5 мың теңге; «Есіл» ауданы әкімінің аппараты - 2 359 251,9 мың теңге; «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты - 2 271 830,5 мың теңге), бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына  әкеліп соқтырды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6 400 632,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бухгалтерлік есеп және жұмыстар бойынша қалпына келтіруге тиіс – 6 337 948,1 мың теңге (аудит барысында 5 438 416,3 мың теңге қалпына келтірілді); өтелуге тиіс – 62 684,6 мың теңге (аудит барысында бюджет кірісіне өтелген сома жоқ), бюджеттік қаражаттың тиімсіз жоспарлануы – 13 353 748,2 мың теңге. сондай-ақ, 68 097,0 мың теңге сомасына ықтимал шығындар мен бюджетке түспеген  пайда, 126 рәсімдік бұзушылық және мемлекеттік аудит объектілері қызметіндегі 45 жүйелі  кемшіліктер анықталды.

Тексеру комиссиясы  анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін аудит  объектілеріне  тапсырмалар мен ұсынымдар  әзірлеп, оларға жолдады.