«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Іс-шаралар жоспарының іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудит және Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуына бағалау қорытындылары бойынша баспасөз релизі

2020 жылғы 11 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Іс-шаралар жоспарының іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудит және Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуына бағалау қорытындылары шығарылды.

Мемлекеттік аудит 15 объектіні қамтыды, соның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы 14 объект (бұдан әрі – Білім басқармасы) қамтылды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Білім басқармасының және мектептердің қызметі бекітілген бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылғаны, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жекелеген нысаналы индикаторларына қол жеткізілмегені анықталды, соның ішінде:

  • «Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі» нысаналы индикаторы, жоспар бойынша - 100%, нақты - 98,4%;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық және кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің үлесі» көрсеткіші, жоспар бойынша - 50%, нақты - 46,5%;
  • «Аттестатталуы тиіс мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан аттестаттаудан өткен мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі» көрсеткіші, жоспар бойынша - 86%, нақты - 0%;
  • «ОЖСБ-дағы қазақстандық оқушылардың нәтижелері» көрсеткіші, 4 сынып жоспар бойынша - 25%, нақты - 21,3%, 9 сынып жоспар бойынша - 60%, нақты - 36,4%, 11 сынып жоспар бойынша - 50%, нақты - 55,9%;
  • «Балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, соның ішінде, «Жас ұлан», «Жас қыран» қозғалыстарымен қамтылған оқушылардың үлесі» көрсеткіші, жоспар бойынша - 66%, нақты – 65,4%;
  • «Аталған санаттағы жаңадан анықталған балалардың жалпы санынан отбасылық орналасумен қамтамасыз етілген жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үлесі» көрсеткіші, жоспар бойынша - 68%, нақты - 55%;
  • «Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылданған студенттер санының өсуі (2016 жылы – 4 050 студент)» көрсеткіші, жоспар бойынша - 24,5%, нақты – 13,6%.

Аудит қорытындысы басты жүйелік проблемалардың бірі елорданың білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы болып табылатынын көрсетті (сыныптардың толымдылығы бір сыныпта 40 оқушыға дейін жетеді).

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында үш ауысымды оқытатын 8 мектеп бар, қайта құрылған мектептер саны 22 бірлікті құрайды, бұл олардың бұдан әрі үш ауысымды жұмыс режиміне көшуіне алып келуі мүмкін. Білім беру мекемелеріндегі оқушы орындарының тапшылығы 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 16 598-ден 21 945-ке (32,2%) өсті.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізудің есебінен азаюда, соған қарамастан, 2019 жылдың соңында ол 12 110 орынды құрайды (2018 жылы – 18 664 орын), яғни, мектепке дейінгі біліммен балалардың 98,4%-ы қамтылған.

Білім беру ұйымдарының аса  тығыздығының салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қамтамасыз етілмейді, бұл өз кезегінде білім беру процесінің сапасына және балалардың қауіпсіздігіне теріс әсер етеді.

Орта білім беру объектілерінің тапшылығын төмендету міндеті жаңа білім беру объектілерін пайдалануға беру және ашу, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша құрылыс салу есебінен шешіледі.

Бұл ретте, аудит қорытындысы жекелеген жағдайларда салынған объектілерді уақытылы пайдалануға беру қамтамасыз етілмейтінін көрсетті, бұл нәтижесінде оқушы орындарының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында кадрлар тапшылығы және олардың тұрақсыздығының жоғары деңгейде болуы проблемасы бар.

Білім басқармасы берген мәліметтерге қарағанда, 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша педагог кадрларға сұраныс 278 оқытушыны құрады, бұл ретте, іс жүзіндегі кадрларға сұраныс әлдеқайда жоғары, себебі, білім беру ұйымдарында лауазымдарды қоса атқару тәжірибесі жиі кездеседі, демек, 1 оқытушының орташа жүктемесі 1,3 ставканы құрайды.

Бұдан әрі, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелерінің бір материалдық-техникалық жабдықталуы көптеген ұстанымдар бойынша жүйелі түрде бекітілген нормаларға сәйкес келмейді.

Әрі қарай мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы көптеген позициялар бойынша бекітілген нормаларға жүйелі түрде сәйкес келмейтіні атап өтілді.

Бұл ретте, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру объектілерін қаржыландыру Жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылатынын айта кету керек, соған сәйкес білім беру ұйымдары өздеріне бөлінген бюджет қаражатын өз қалауы бойынша дербес бөледі.

Сондай-ақ, аудит Білім басқармасының ведомстволық бағынысты қосымша білім беру ұйымдарымен 003 «Жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқыту бойынша қызмет көрсетуге шарттарды заңсыз жасасу фактілері анықталды, ал олардың қызметінің мақсаты мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде орта білім беруді оқыту бойынша қызмет көрсету емес, қосымша білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Сондай-ақ, аудит қорытындылары бойынша тексерілген бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жоспарлау, оларды іске асыру туралы есептілікті жасау кезіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ, бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Бухгалтерлік есепті орталықтандыруға қарамастан, бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жасау кезінде бұзушылықтар анықталды.

Жалпы аудит қорытындылары бойынша жалпы сомасы 2 512,2 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар (соның ішінде: 2 249,0 млн. теңге - қалпына келтірілуі тиіс және 263,2 млн. теңге – өтелуі тиіс), жалпы сомасы 133,3 млн. теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, жалпы сомасы 45,7 млн. теңге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау, сондай-ақ, 346 рәсімдік бұзушылық және 66 мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіне байланысты кемшілік анықталды, соның ішінде, 14-і жүйелі сипатқа ие.

Тексеру комиссиясы жалпы сомасы 1 085,8 мың теңгеге бюджеттік есептілікті бұрмалауға әкеп соқтырған дебиторлық берешекті жасыру фактілері бойынша 4 әкімшілік хаттама жасады.

Сондай-ақ, аудит материалдары әкімшілік шаралар қабылдау үшін:

- 2 факті бойынша сәулет қызметі және инжинирингтік қызмет көрсету туралы заңнама нормаларын бұзғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына;

- мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу саласындағы 33 факті, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзу саласындағы 21 факті бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Жаңалықтар