«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ-де және «№1 автобус паркі» АҚ-да жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды

Тексеру комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласының жолаушылар тасымалын және қоғамдық көлік үшін инфрақұрылымын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ-де және «№1 автобус паркі» АҚ-да қамтылған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын жоспарлау кезінде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктер, сондай-ақ елордада жолаушылар тасымалын ұйымдастыру саласындағы бірқатар жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Басқарма бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етпеген.

Мәселен, 021 «Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының түпкілікті көрсеткіші балалардың жарақаттану деңгейінің 4%-ға төмендеуі болып табылады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі істер департаментінің деректеріне сәйкес кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларында (ЖКО) 2017 жылы 88 бала зардап шеккен, 2018 жылы 107 бала, бұл 2018 жылы балалардың жарақаттану деңгейі 21,6%-ға артқандығын көрсетеді.

Жолаушылар ағынына сәйкес маршруттарды оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қазіргі уақытта әлі де жекелеген маршруттардың, оның ішінде №9, 15, 24, 47, 120, 31, 302, 303, 308, 51 маршруттарының жүктелуі орын алуда.

Сонымен қатар, жүктемесі 50%-дан кем (экспресс және қала маңындағы №100, №105, №314, №318 маршруттары) маршруттар да бар.

Аудит қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялаудың шешілмеген мәселелері атап өтілді, оған аудит кезеңінде жалпы сомасы 6 717 000,0 мың теңге (2018 жылы - 3 000 000,0 мың теңге, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында - 3 717 000,0 мың теңге) қаражат бөлінген.

Мәселен, тасымалдаушылар, Басқарма тарифтерінің есептерінде және әкімдік қаулыларымен бекітілген есептерден айтарлықтай айырмашылықтар бар, осылайша тасымалдаушылардың есептеулері бекітілген тарифтерден едәуір асып түседі.

Мысалы, №72 бағыт бойынша жол жүру құны «№1 автобус паркі» АҚ-ның есептеуі бойынша 728,9 теңгені құраса, әкімдік аталған бағыт бойынша тарифті 554 теңгеге бекіткен. Халық үшін тариф қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде 90 теңге және қолма-қол төлем кезінде 180 теңге мөлшерінде белгіленген.

Айта кету керек, елордада 2018 жылғы қаңтардан бастап жол жүру төлемінің электрондық жүйесінің енгізілуіне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау іс жүзінде тасымалданған жолаушылар бойынша жүзеге асырылады, бұл Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының талаптарына қайшы келеді, оған сәйкес есептеу маршрут бойынша өткен жолға сүйеніп жүргізіледі.

Бұдан басқа, жыл сайын жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсетушілер алдында кредиторлық берешек қалыптасады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Басқармада автобус паркілері алдында 1 331 504,4 мың теңгеге кредиторлық берешек қалыптасқан.

Өз кезегінде, қоғамдық көлік тасымалдаушыларының қызметі үшін толық және уақтылы ақы төлеуді қамтамасыз етпеу олардың қаржылық жағдайына теріс әсер етеді, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің уақтылығы мен сапасына әсер етуі мүмкін.

Елорданы жабдықталған аялдама павильондарымен толық көлемде қамтамасыз етпеу жүйелі проблемалық мәселе болып табылатыны атап өтілді.

Қалада жабдықталмаған, оның ішінде павильонсыз, алаңсыз және жол қалталарсыз 391 аялдама пункттері бар.

Жабдықталмаған аялдамалардың едәуір саны, әсіресе елорда шетіндегі аялдамалар жайлылықты ғана емес, жолаушылардың қауіпсіздігін де қамтамасыз етпейді, бұл нәтижесінде халықтың қанағаттандырылмағандығын  тудырады.

Бұдан басқа, жабық үлгідегі аялдама павильондарының (жылы аялдамалар) тиімді жұмыс істеуі қамтамасыз етілмеген.

Мәселен, аудиттелген кезеңде орнатылған жалпы сомасы 1 106,9 млн. теңгені құрайтын 55 аялдама павильондарының 44-інде электр қуаты жоқ, орнатылған кондиционерлер, жылу перделері, бейнекамералар жұмыс істемейді, бірде-бір павильонда 4G (Wi-Fi) сымсыз маршрутизаторлары жұмыс істемейді, байланыс ұсынатын оператордың болмауына байланысты павильондар қанағаттанарлықсыз санитарлық жағдайда тұр, жарылған есіктер, сынған орындықтар, сурет салынған қабырғалар, мыж-мыжы шыққан панельдер және т. б. бар.

Сонымен қатар, бейнебақылау камераларының жазбалары бір тәуліктен артық сақталмайтыны және қандай да бір органдар мен ұйымдарға берілмейтіні, яғни жолаушылардың қауіпсіздігін және павильондардағы мемлекет активтерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін олардың тиімді пайдаланылуы ұйымдастырылмағандығы атап өтілді.

Жабық үлгідегі аялдама павильондарының құрылысын жобалау кезіндегі кемшіліктерді айта кеткен жөн, бұл жобаны іске асыруды аяқтауға мүмкіндік бермейді.

Осылайша, жоба аясында Боллардтарды (қорғаныс құрылғылары) орнату жүзеге асырылмаған, себебі 55 аялдама павильонының 42-сінде оларды орнатуға кедергі болатын 1,5 метр тереңдікте жатқан инженерлік желілер бар.

Аудит барысында тасымалдаушылардың ең ірісі, Басқарманың ведомстволық бағынысты кәсіпорны «№1 автобус паркі» АҚ-да үстеме тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің теріс нәтижелері атап өтілді.

2018 жылы «№1 автобус паркі» АҚ 6 102 242,0 мың теңгеге шығынға ұшырады.

Өткізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны шығындарының негізгі баптары амортизациялық есептеулер (30,8%), жалақы (28%) және ЖЖМ (23,3%) болып табылады.

Сонымен қатар, «№1 автобус паркі» АҚ-да автопарктің жаңартылуына қарамастан аудит кезінде автобустардың 24,5%-ы (689-ның 166-ы) ақаулы күйде екені, оның ішінде кепілді қызмет көрсетудегі 28-і жарамсыз күйде екені, осыған орай айырылып қалған пайда фактілері бар.

Аудиторлық іс-шара барысында Тексеру комиссиясының сайтында халықтың жолаушылар тасымалы мен қоғамдық көлік үшін инфрақұрылым сапасына қанағаттанушылығына сауалнама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша елорда халқының 83,3%-ы жолаушыларды тасымалдау сапасына, 80%-ы автобустар арасындағы аралыққа, 80%-ы автокөлік құралдарының жағдайына, сондай-ақ сұралған халықтың 100%-ы жол жүру төлемінің электрондық жүйесіне қанағаттанғаны анықталды.

Сондай-ақ, Басқармаға, «Астана LRT» ЖШС-ге және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына келіп түскен жолаушылар тасымалы мен қоғамдық көлік үшін инфрақұрылымды дамыту саласындағы азаматтардың өтініштеріне талдау жүргізіліп, елорда автобус паркінің айтарлықтай жаңартылуына қарамастан, жолаушылар тарапынан жылжымалы құрамның санитарлық-техникалық жағдайына шағымдардың азаймағаны атап өтілді.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 132 463,1 мың теңгені құрады, оның 89 785,9 мың теңгесі аудит барысында қалпына келтірілді.

Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының көлемі 1 462 848,6 мың теңгені құрады.

Аудит қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіне байланысты 37 рәсімдік бұзушылық, 17 жүйелік кемшілік фактілері анықталды.

Мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп туралы заңнама нормаларын бұзу фактілері бойынша 8 материал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын бұзу фактілері бойынша 3 аудит  материалдары Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына әкімшілік шаралар қабылдау үшін жолданды.

Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы қызметінің қорытындысы» мақаласы

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы қызметінің қорытындысы» мақаласы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нор...
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нор...