Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу және ескерту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді

2019 жылғы 27 қарашада Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі Е. В. Лебо ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі   Нур-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі С.Е. Әлібековпен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді, сондай-ақ Тексеру комиссиясының тәртіптік комиссиясының мүшелерімен тәртіптік практиканы қолдану мәселелері талқыланды.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  Превенцияны және парасаттылықты басқару басқармасының басшысы М.М. Хайруллиннің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары М.Б. Әбілдиннің, Э.С. Оразбаеваның қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шара барысында Нұр-сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қызметкерлері, Тексеру комиссиясының әдеп жөніндегі уәкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп ережелері саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нор...
Жетімнің ақысын жеу қашан болып еді?

Жетімнің ақысын жеу қашан болып еді?

Қалалық Тексеру комиссиясы бірқатар техникалық және кәсіптік білім беру ошақтары мен бірнеше мәдени мекемеде заңға қайшы әрекеттер мен кемші...