Техникалық оқу жоспары шеңберінде 2019 жылғы 4 қарашада Төрағаның қатысуымен Тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін оқу өткізілді

Техникалық оқу жоспары шеңберінде 2019 жылғы 4 қарашада Төрағаның қатысуымен Тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін оқу өткізілді.

«2019 жылғы аудиторлық есептердегі кемшіліктерді талдау» тақырыбы бойынша Сапаны бақылау бөлімінің басшысы Г.О. Бекбосынова сөз сөйледі. Техникалық оқу тақырыбы аясында аудиторлық іс-шаралар бөлінісінде жиі жіберілетін кемшіліктер көрсетілді. Аудиторлық есептер бойынша көрнекі түрде мысалдар келтірілді.

Сондай-ақ, «Бюджеттік есептілік ұғымы, түрлері мен нысандары, оларды жасау және ұсыну бойынша талаптар» тақырыбымен бас инспектор-мемлекеттік аудитор К.А. Хайдар сөз сөйледі. Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну нысандары, мерзімділігі, мерзімдері, тәртібі бойынша түсініктемелер берілді.

Техникалық оқу қорытындысы бойынша қатысушылар туындаған мәселелерді талқылады.

Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нор...
Жетімнің ақысын жеу қашан болып еді?

Жетімнің ақысын жеу қашан болып еді?

Қалалық Тексеру комиссиясы бірқатар техникалық және кәсіптік білім беру ошақтары мен бірнеше мәдени мекемеде заңға қайшы әрекеттер мен кемші...