Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) үстіміздегі жылғы 3 қазанда «Техникалық, кәсіптік білім беру және мәдениет салаларындағы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер» тақырыбында семинар өткізілді

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) үстіміздегі жылғы 3 қазанда Нұр-сұлтан қаласының мәслихат депутаттарының, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Білім басқармасы және Мәдениет және спорт басқармасы өкілдерінің, сондай-ақ астананың 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, мәдениет және спорт саласындағы 25 кәсіпорын басшылары мен қаржы-шаруашылық қызметіне жауапты адамдардың қатысуымен «Техникалық, кәсіптік білім беру және мәдениет салаларындағы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер» тақырыбында семинар өткізілді.

Тексеру комиссиясының төрағасы И. Ақпомбаев кіріспе сөзінде тексеру комиссиясының бюджет қаражатын жұмсауға және пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырудағы рөліне, сондай-ақ елорданың техникалық, кәсіптік білім беру және мәдениет ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелеріне тоқталды.

Мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы толық баяндамалармен: мәдениет объектілері бойынша – Тексеру комиссиясының мүшесі А. Тоқбергенов; техникалық және кәсіптік білім беру объектілері бойынша – мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Ш. Байсейітова; тексеру комиссиясының әкімшілік практикасы және аудит объектілерінің құқықтары мәселелері бойынша – әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және ақпараттандыру бөлімінің бас инспекторы-заңгер А. Әлназарова; мәдениет және техникалық, кәсіптік білім беру саласындағы мекемелерде аудиторлық іс-шаралар жүргізу мен мемлекеттік сатып алулар  кезіндегі проблемалық мәселелер туралы – Нұр-сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Р. Тұңғышбаев сөз сөйледі.

Баяндамашылар мемлекеттік аудит жүргізілген астананың біршама мекемелерінде қаржылық тәртіптің жеткіліксіз деңгейін, бюджет қаражатын жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерді, білім беру және мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етудің әлсіздігін атап өтті.

Осылайша, елорданың Білім беру басқармасы мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүргізілген, жалпы 12 187,0 млн.теңгені қамтыған, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 37,8 млн. теңге қаржылық бұзушылықтар, 48,6 млн. теңге тиімсіз пайдаланылған, 2,2 млн. теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері, 115 рәсімдік бұзушылықтар және 18-і жүйелік сипатқа ие 45 кемшіліктер анықталған.

Көптеген бұзушылықтар «Көпбейінді колледж» МКҚК-да және «М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ «Ақмола колледжі» ЖШС жеке колледжінде анықталып, аудит материалдары құқық қорғау органдарына жолданды (Мемлекеттік аудит қорытындылары туралы толық ақпаратпен «Аудиторлық іс-шаралар қорытындылары» бөлімінде танысуға болады).

Өз кезегінде, Нұр-сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасында және 14 мәдениет мекемелерінде жүргізілген, жалпы 47 471,2 млн.теңгені қамтыған, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша, 2 263,1 млн. теңге қаржылық бұзушылықтар, 76,5 млн. теңге тиімсіз пайдаланылған қаражат пен мемлекет активтері, 215 рәсімдік бұзушылықтар және 76 кемшіліктер анықталған.

Елеулі бұзушылықтар «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» МКҚК және «Жастар театры» МКҚК-да анықталды. «Жастар сарайы» МКҚК бойынша аудит материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді (Мемлекеттік аудит қорытындылары туралы толық ақпаратпен «аудиторлық іс-шаралар қорытындылары» бөлімінде танысуға болады).

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын талдау біршама мекемелер мен кәсіпорындарда бұзушылықтар мен кемшіліктер  жылдан жылға қайталанатындығын және оларға жол берілетіндігін көрсетеді.

Осыған орай, әр түрлі қызмет салаларындағы аудит объектілерінің қатысуымен өткізілетін осындай іс-шаралар бұзушылықтар мен кемшіліктердің туындау себептерін анықтауға, сондай-ақ олардың теріс салдарларын алдын алуға мүмкіндік береді, одан басқа, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттырудың  тетіктері пысықталады.

Жаңалықтар

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары» мақаласы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нор...
Жетімнің ақысын жеу қашан болып еді?

Жетімнің ақысын жеу қашан болып еді?

Қалалық Тексеру комиссиясы бірқатар техникалық және кәсіптік білім беру ошақтары мен бірнеше мәдени мекемеде заңға қайшы әрекеттер мен кемші...