Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Суретті көрсету:
Жай нұсқа

«Астана қаласы бойынша Тексеру
комиссиясы» ММ регламентін
бекіту туралы және Астана
қаласы бойынша Тексеру комиссиясы
төрағасының 2016 жылғы 31 наурыздағы
№70-Н/Қ «Астана қаласы бойынша
Тексеру комиссиясы» ММ регламентін
бекіту туралы» бұйрығының күші
жойылды деп тану туралы

Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 461/64-V шешімімен бекітілген Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) туралы Ереженің 22-тармағы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН

  1. «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің регламенті бекітілсін.
  2. Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының 2016 жылғы 31 наурыздағы №70-Н/Қ «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ регламентін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
  3. Тексеру комиссиясының лауазымды тұлғалары осы бұйрықпен таныстырылсын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Тексеру комиссиясының аппарат басшысына жүктелсін (С.К. Амангелдинов).
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға  Ғ. Молдаш

Астана қаласы бойынша
Тексеру комиссиясы төрағасының
2017 жылғы _______желтоқсандағы
№ ____ н/қ бұйрығымен
бекітілген

«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің
регламенті

  1. Жалпы ережелер
  1. «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) – «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі –Тексеру комиссиясы) ішкі қызмет тәртібін реттейтін құжат.
  2. Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 461/64-V шешіммен бекітілген Тексеру комиссиясы туралы ережеге немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген «Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес, (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы туралы Ереже) Регламентте реттелмеген мәселелер бойынша шешімді Тексеру комиссиясының Төрағасы қабылдайды.

Мұндай мәселелерді шешудің тәртібін Тексеру комиссиясының Төрағасы белгілейді және ол тиісті бұйрықпен қолданысқа енгізіледі және оны Тексеру комиссиясының барлық лауазымды адамдары орындауға міндетті.

  1. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және қызметтік еңбек ақыларын көтермелеу «Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне сый ақы және басқа да төлемдер беру» Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне тәртіптік жаза шараларын қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
  1. Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру
  1. Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде ақпараттық жүйеде жұмыс істеген кезде «АЖ» Текком» (бұдан әрі – АЖ Текком) құпиялылық режимін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады.
  2. Аппарат қызметкерлері үшін техникалық оқу жүргізуді жоспарлау Тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімімен жүзеге асырылады. Техникалық оқудың жүргізілуіне бақылауды Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы іске асырады.
  3. Тексеру комиссияның интернет-ресурсының жұмыс істеуі және оны толтыру Әкімшілік жұмыс және ақпараттандыру бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Тексеру комиссиясының Интернет-ресурсында орналастырылған материалдардың сенімділігі мен толықтығын олардың лауазымды тұлғалары қамтамасыз етеді.
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауды, бұқаралық ақпарат құралдарында, Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында бақылаудың нәтижелері бойынша материалдарды және Тексеру комиссиясының қызметі туралы өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып орналастыруды, баспасөз конференцияларын, брифингтерді және көпшілік қатысатын басқа да іс-шараларды өткізуді, Тексеру комиссиясының бұқаралық ақпарат құралдарымен арадағы жұмыстарды жүргізуді Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы ұйымдастырады.
  5. Күнделікті қызметке қатысты мәселелерді Тексеру комиссиясының Төрағасы Тексеру комиссиясының мүшелерімен және бөлім басшыларымен бірге кеңестерде қарайды. Кеңестің басқа қатысушыларын Тексеру комиссиясының Төрағасы айқындайды. Кеңеске шақырылған адамдарды хабардар етуді, оны өткізу материалдарын дайындауды Тексеру комиссиясының бөлімдерімен әкімшілік жұмыс бөлімі бірлесіп қамтамасыз етеді. Кеңестің қорытындысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оларды есепке алуды әкімшілік жұмыс бөлімі жүзеге асырады.
  6. Тексеру комиссиясының Астана қаласы мәслихатына есебі, бақылау іс-шараларының нәтижелері, Тексеру комиссиясының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер оның отырыстарында алқалық түрде қаралады.
  7. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Тексеру комиссиясы Төрағасының шешімімен Тексеру комиссиясының мүшелеріне бақылау-талдау, ақпараттық және әдістемелік жұмыстардың тиісті бағыттары бекітіледі.
  8. Тексеру комиссиясының жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы   2 мамырдағы «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру туралы» №67,  2016 жылғы 11 қаңтардағы «Мемлекеттік аудит қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту туралы №167 (бұдан әрі – Стандарттар), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы                    №17-Қ нормативтік қаулысымен бекітілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың Тексеру комиссияларымен жүргізілетін сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау Ережелеріне (бұдан әрі – Ережелер), Тексеру комиссиясы туралы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес ұйымдастарылады.
  1. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі
  • Начало формы
  • Конец формы
  • Рұқсатнамалық тәртіптеме
  1. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
  2. Тексеру комиссиясында мынадай жұмыс режимі белгіленеді:
  • жұмыстың басталу уақыты - 8 сағат 30 минут;
  • жұмыстың аяқталу уақыты - 18 сағат 00 минут;
  • түскі үзіліс - 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін;
  • жұмыс аптасының ұзақтығы - 5 күн (40 сағат).
  1. Орындалуы Тексеру комиссиясының жұмысына ықпалын тигізетін шұғыл және алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін жекелеген қызметкерлер демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы мүмкін.
    Мұндай жұмыстардың ақысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтеледі.
  2. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жұмыста болмауы Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағы және (немесе) анықтамасы бар болған кезде ғана жол беріледі.
  3. Дәлелді себептері болған кезде қызметкерге жұмыс күні ішінде қатарынан үш және одан да көп сағатқа дейін жұмыс орнында болмауына рұқсат етілуі (келісім берілуі) мүмкін. Жұмыста болмауы және дәлелді себепті тану тиісті қызметкердің қолдаухаты бойынша: Тексеру комиссиясының Төрағасы - Тексеру комиссиясы мүшелеріне қатысты, Тексеру комиссиясы аппаратының басшысымен - бөлім басшыларына қатысты; бөлім басшылары – қызметкерлерге қатысты жүргізіледі.
  4. Қызметкерлердің еңбек тәртібінің сақтауын бақылауды Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы, бөлім басшылары және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.
  5. Жұмыс уақыты есебінің табелін жүргізу оны уақытылы бас есепшіге беру персоналды басқару қызметімен жүзеге асырылады (кадр қызметі).
  6. Тексеру комиссиясының ғимаратына рұқсатнаманы шектеу бойынша техникалық мүмкіндіктер болғанда Тексеру комиссиясының қызметкерлерін ғимаратқа жіберу қызметтік куәліктер немесе электронды (магнитті) карталар, келушілерді жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
  1. Ісқағаздарын жүргізу
  1. Тексеру комиссиясында іс-қағаздарды жүргізу Тексеру комиссиясы Төрағасының бекітілген бұйрығымен Тексеру комиссиясының іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.
  2. Тексеру комиссиясымен Ережемен бекітілген құжаттар үлгісі қолданылады. Тексеру комиссиясы, сондай ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құжат үлгілерін қолдануға құқылы.
  3. Тексеру комиссиясында стандартқа сәйкес жасалған фирмалық бланкісі, қаулылар мен ұсынымдар бланкісі, бұйрықтар, аудиторлық есеп бланкісі, қатаң есептіліктегі іссапар куәлігі бланкілері бар, олардың берілуі Тексеру комиссиясында іс жүргізуді ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Фирмалық бланкілерге қол қоюға құқығы бар: Тексеру комиссиясының Төрағасы кез келген нысандағы фирмалық бланкілерге; Тексеру комиссияларының мүшелері Ұсынымдар, Ескертулер мен Талап етулерге (сұрату), сұранымдар мен өтініштерге жұмыс тәртібімен Төрағаның келісімі бойынша жауаптарға; аудиторлық шараны жүзеге асырушы Тексеру комиссиясының қызметкерлері – аудиторлық есеп бланкілеріне, талап етулерге.
  5. Тиісті қызметтік жазбаларға негізделетін қызметтік хаттар негізінде қабылдайтын аудиторлық есептен көшірме алуға Тексеру комиссиясы аппараты басшысының тиісті шешімінсіз тыйым салынған.
  6. Тексеру комиссиясына түскен құжаттардың орындалуын басқа мекенжайға жіберу Тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша міндетті түрде әкімшілік жұмыс және ақпараттандыру бөлімін ескертумен жүзеге асырылады.
  7. Келіп түскен құжаттарда Тексеру комиссиясының бірнеше мүшелеріне немесе бөлім (қызметкерлеріне) тапсырма берілген жағдайда, орындалу бойынша жауапкершілік тапсырмада бірінші көрсетілген тұлғаға жүктеледі. Қалған орындаушылар жиыны, жауап дайындауы, аяқталу түріне сәйкес бақылаудан алынуы немесе тапсырманы орындау мерзімінің ұзартылуы жүктелген бірінші орындаушының тапсырмасы бойынша өз ұсыныстарын енгізеді.
  8. Орындаушы бақылаудағы тапсырма бойынша түпкілікті жауапты орындауға жауапты адамның, бірлесіп орындаушылардың және бөлім басшысының бұрыштамасымен бірге, құжаттарды орындаудың басқа мерзімдері бекітілген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзімнен бір күн бұрын Тексеру комиссиясының Төрағасына қарауға ұсынады.
  9. Құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау және оларды бақылаудан алу Тексеру комиссиясы аппаратының басшысымен және әкімшілік жұмыс және ақпараттандыру бөлімімен жүзеге асырылады.
  10. Әкімшілік жұмыс және ақпараттандыру бөлімі іс жүргізу қызметі орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш күн бұрын Тексеру комиссиясының бөлімдеріне бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімінің жақындағаны туралы жазбаша ескертуді, сондай-ақ бақылауда тұрған, орындау мерзімі өтіп кеткен құжаттардың тізбесін жібереді.
  11. Әкімшілік жұмыс бөлімі апта сайын Тексеру комиссиясындағы орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы жедел ақпаратты Тексеру комиссиясы аппаратының басшысына дайындайды, ол Тексеру комиссиясы Төрағасының талабы бойынша ақпарат береді.
  12. Мемлекеттік органдарға жіберілетін барлық шығыс хат-хабар (соның ішінде электрондық құжат форматында) Тексеру комиссиясының ресми бланкісінде мемлекеттік тілде ресімделеді. Қажет болғанда шығыс құжатқа орыс тіліндегі аутентикалық мәтіндегі құжат қоса берілуі мүмкін.
  1. Ақпараттық жүйелерді жүргізу
  1. Тексеру комиссиясының Қаулыларын, ұйғарымдарын, аудиторлық қорытындыда мазмұндалған ұсынымдардың орындалу мониторингісі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жоспарлау, өткізу, нәтижелерін рәсімдеу Тексеру комиссиясы ақпараттық жүйесінде (әрі қарай -Текком-АЖ) іске асырылады.
  2. «Текком АЖ-ға» мәліметтерді енгізуді «Текком АЖ-ға» ақпараттарды қамтамасыз ету техникалық құжаттарына сәйкес, Тексеру комиссиясының қызметкерлері іске асырады.
  3. Бағыттар бойынша «Текком АЖ-ға» мәліметтердің уақтылы және толық енгізілуіне жауапкершілікті белгілеуді Тексеру комиссиясының төрағасы анықтайды.
  4. «Текком АЖ-ға» мәліметтердің енгізілуін бақылауды Аппарат басшысы және Тексеру комиссиясы бөлімдерінің басшылары қамтамасыз етеді.
  5. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша мәліметтер туралы ақпаратты Бірыңғай базаға енгізуді өз құзіреті шеңберінде Тексеру комиссиясы мүшелері мен бөлімдері қамтамасыз етеді.
  6. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша мәліметтер туралы ақпаратты Бірыңғай базаға енгізілуін бақылауды Аппарат басшысы және Тексеру комиссиясы бөлімдерінің басшылары қамтамасыз етеді.
  7. Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйелеріне қызмет көрсету ақпараттық қауіпсіздік саясатына және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
  1. Тексеру комиссиясының жұмысын жоспарлау
  1. Тексеру комиссиясы өз қызметін перспективалық және жылдық жоспарлары жұмысы бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарларын жүзеге асыру барысында әзірленді.
  2. Ұзақ мерзімді жоспар Тексеру комиссиясын одан әрі дамыту жөніндегі орта мерзімді тапсырмаларды, мақсаттар мен негізгі көрсеткіштерді айқындау үшін әзірленеді, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық стандарттарда белгіленген міндеттер мен функцияларға байланысты болады.
  3. Келешегі бар жоспар Тексеру комиссиясының қызметін (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сараптамалық-талдамалық, әдістемелік, құқықтық және басқа салалар) ескере отырып, бес жыл бойы жасалады.
    Егер оны орындау шарттары өзгертілсе, онда кейбір негізгі көрсеткіштер орындалады және Тексеру комиссиясына жаңа міндеттер мен функциялар берілсе, алдағы жоспар жылына бір рет (қажет болған жағдайда) түзетілуі мүмкін.
  4. Перспективалық жоспарды және жылдық жұмыс жоспарын дайындау жоспарлау, талдау және есепітлік бөлімімен, Тексеру комиссиясы мүшелерінің, Аппарат басшысы мен құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырады.
  5. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тиісті жыл бойынша Тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі (бұдан әрі - Мемлекеттік аудит объектілерінің тізімі) негізінде жүзеге асырылады.
  6. Мемлекеттік аудиторлық объектілердің тізбесін қалыптастыру және бекіту Есеп комитеті және Есеп комитетімен бірлесіп бекітілген Мемлекеттік аудиторлық органдардың өзара әрекеттесу ережесі бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізу үшін пайдаланылатын тәуекелдерді басқарудың типтік стандарттарына және стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
  7. Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі Тексеру комиссияның Интернет-ресурсында Мемлекеттік аудиторлық объектілер тізімін бекітілген күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде орналастырады.
  8. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы бұйрық тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Жоспарлау және есептілік бөлімі мемлекеттік аудит объектілерінің бекітіліп нақтыланған тізімін Астана қаласы бойынша ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне (әрі қарай-Уәкілетті орган), Есеп комитетіне, құқықтық сатистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органдарға Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (әрі қарай -ЭҚАБЖ) арқылы және (немесе) пошта бойынша жазбаша түрде жолдайды.
  9. Мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы бұйрық тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ЭҚАБЖ және (немесе) пошта арқылы жазбаша түрде осы Регламенттің 47-тармағында қарастырылған адресаттарға мемлекеттік аудит объектілерінің өзгертілген (толықтырылған) тізбесін жолдауды іске асырылады.
  10. Жоспарлау және есептілік бөлімі тұрақты негізде бекітілген мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің орындалуына мониторинг жүргізеді, сонымен бірге ай сайынғы негізде аудиторлық іс-шаралардың және аудит объектілерінің қайталануын болдырмау мақсатында Есеп комитеті мен Уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіндегі өзгертулерге мониторинг жүргізеді.
  11. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде Жоспарлау және есептілік бөлімі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімімен біргелікте аудиторлық шаралардың аяқталуын есепке ала отырып, тоқсан сайын нақтыланып отырылатын, отырыстардың тоқсандық кестесін қалыптастырады.
  12. Жоспарлау және есептілік бөлімі тоқсан сайын мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесінің жүзеге асырылуы туралы ақпаратты Тексеру комиссиясының төрағасына және Тексеру комиссиясы аппаратының басшысына келесі есепті айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынады.
  13. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Есеп комитетінің сұрау салулары, тиісті мәслихаттардың шешімдері және (немесе) Тексеру комиссиясы Төрағасының бастамасы бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
  14. Жоспарлау және есептілік бөлімімен тоқсан сайын мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесіне сәйкес аудиторларды аудиторлық іс-шаралар объектілеріне бөлу кестесі Тексеру комиссиясы аппаратының басшысының келісімімен, одан әрі Тексеру комиссиясы төрағасына бекітуге ұсыну үшін үшін алдыңғы тоқсанның 25 дейін дайындалады.
  15. Тексеру комиссиясының қызметі бойынша жылдық жұмыс жоспары жоспарланатын жылдың алдындағы 25 желтоқсанға дейін бекітіледі.

Тексеру комиссиясының қызметі туралы жылдық жұмыс жоспары және мемлекеттік аудит объектілері Тізбесі негізінде тексеру комиссиясының бөлімдері туралы Ережеге сәйкес бөлімдердің тоқсандық жұмыс жоспары бекітіледі.

  1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі
  1. Мемлекеттік аудит объектілеріне алдын-ала зерделеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, оның нәтижелерін рәсімдеу Ережелермен және басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.
  2. Мемлекеттік аудит тобы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеуді аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңін жүргізуді бастағанға дейін кемінде төрт жұмыс күні бұрын аяқтай отырып, Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мерзімдерде жүргізеді.
  3. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану (танымау) ескеріле отырып, мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеудің негізінде Аудит жоспары, Аудит бағдарламасы, Аудиторлық тапсырмалар жасалады.
  4. Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей:

1)  мемлекеттік аудит тобының жетекшісі жасап, оған мемлекеттік аудит жүргізуге, жоспарлауға, сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған және Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қойған Аудит жоспары Тексеру комиссиясының Төрағасына бекітуге енгізіледі;

2)  Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының қатысушылары мемлекеттік аудит объектілері бойынша жасап, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жинақтаған және қол қойған, жоспарлауға, сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған Аудит бағдарламасын бекітеді;

3)  Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының әрбір қатысушысына жеке-жеке жасалып, мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған Аудиторлық тапсырманы бекітеді;

4)  Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының қатысушылары жасап, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған Тапсырмаларға қол қояды;

5)  кадр қызметі осы Қағидалардың 1) тармақшасында көзделген Аудит жоспары бекітілгеннен кейін іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды уәкілетті лауазымды адамға қол қоюға енгізеді.

  1. Аудит жоспары, Аудит бағдарламасы, Аудиторлық тапсырмалары және Тапсырмалары қол қойылғаннан кейін аудиторлық шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімімен Ережелермен бекітілген тәртіпте ЭҚАБЖ-да бірдей тіркеу нөмерімен тіркеу жүргізіледі.
  2. Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысымен аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына техникалық сабақ (нұсқама) өткізеді. Техникалық сабақты (нұсқама) өткізу қорытындысы жазбаша түрде рәсімделеді.
  3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, оның нәтижелерін рәсімдеу Ережелермен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды өткізу мен ұйымдастыру тәртібін сақтау аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен аудит тобының басшысымен қамтамасыз етіледі.

  1. Аудиторлық іс-шараларды құқықтық алып жүру Тексеру комиссиясы Төрағасының тиісті бұйрығы бойынша Мемлекеттік аудит объектілері тізбесіне сәйкес Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен жүзеге асырылады.
  2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органдарға аудиторлық іс-шараның аяқталуы бойынша талондарды ұсыну және тіркеуді уақытылы жүргізуді аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы және аудит тобының жетекшілері қамтамасыз етеді.
  1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша материалдарды әзірлеу тәртібі
  1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық есептер және аудиторлық қорытындылар, біріктірілген реестр және нұсқама жасалады.

Аудиторлық есептер мен аудиторлық қорытындыларды жасау тәртібі, рәсімдеу және қол қою бойынша талаптар Ережелермен реттелінеді.

  1. Қағидаларға сәйкес ресімделген Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары Тексеру комиссиясының Төрағасына Тексеру комиссиясының отырысы өтерден екі жұмыс күні бұрын ілеспе хатпен ұсынылады.
  2. Аудит объектілерінің аудиторлық есептерге қарсылықтарын есепке алу және жауап беру мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімімен аудиторлық жұмыстардың тиісті бағыттары бойынша Тексеру комиссиясының мүшелерімен іске асырылады.
  1. Сапа бақылауын жүргізу тәртібі
  1. Сапаны бақылауды сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
  2. Алдын ала зерделеу нәтижелері Аудит жоспарларының және Аудит бағдарламаларының жобалары, барлық қосымшаларымен бірге Аудиторлық есептер, соның ішінде Аудиторлық есептерге бұзушылықтар тізілімі, Аудиторлық қорытындылар мен Нұсқамалардың жобалары, бұзушылықтардың жиынтық тізілімі, сондай-ақ Тексеру комиссиясы Нұсқамаларының тармақтарын іске асыру және орындау туралы ақпарат сапа бақылауының мәні болып табылады.
  3. Аудит жоспары мен Аудит бағдарламалары жобалары мемлекеттік аудит объектілерін алдын-ала зерделеу аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей сапаны бақылауға тапсырылады
  4. Аудиторлық есептер барлық қосымшаларымен бірге әкімшілік жұмыс бөліміне түскен кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей сапаны бақылауға тапсырылады.
  5. Аудиторлық қорытындылар мен Ұсымынымдар жобаларының сапасын бақылау Тексеру комиссиясы Төрағасына ұсынылғанға дейін жүзеге асырылады.
  6. Мемлекеттік аудит сапасын бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық іс-шараларды бағалау жүргізіледі, онда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Стандарттары талаптары сақталуы басты шарт болып табылады.
  7. Аудиторлық іс-шараларды бағалауды Есеп комитетімен бекітілетін Рәсімдік стандарттарға сәйкес Жоспарлау және есептілік, сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімдері жүзеге асырады.

Аудиторлық іс-шараларды бағалауды ұйымдастыру және оның жүргізілуін бақылауды жүргізуді Аппарат басшысымен жүзеге асырылады.

  1. Контроль качества осуществляется в соответствии с Процедурными стандартами, утверждаемыми Счетным комитетом, порядок проведения контроля качества и юридической экспертизы регламентируется Правилами осуществления контроля качества и оценки аудиторского мероприятия, утвержденными приказом Председателя Ревизионной комиссии.
  1. Тексеру комиссиясының отырыстарын өткізу
  1. Тексеру комиссиясының отырыстары отырыстарды өткізудің жылдық кестесіне сәйкес, тоқсан сайын анықталатын аудиторлық іс-шаралары аяқталу есебімен жоспарланады және өткізіледі.
  2. Тексеру комиссиясының отырысына Тексеру комиссиясы мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда ол құқылы деп есептеледі.
  3. Бірлескен аудит өткізілген жағдайда отырысқа аудитке қатысқан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілдері қатысады.
  4. Тексеру комиссиясының отырыстары заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда ашық болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі.
  5. Аудит қорытындысы бойынша отырыстарды дайындау кезінде аудиторлық ұйымды басқаруға жауапты аудит жөніндегі комитеттің мүшелері аудиторлық топтың жетекшісімен бірлесіп отырыстың бекітілген кестесіне сәйкес кем дегенде 2 жұмыс күн бұрын тиісті материалдармен жоспарлау, талдау және есеп беру бөлімі қамтамасыз етіледі (отырысқа шақырылғандар тізімі, аудит объектілеріне сұрақтар, жобалар: аудиторлық қорытынды есептері, қаулылар, нұсқамалар, шоғырландырылған тізілім).

Отырысты дайындау кезінде жоспарлау және есептілік бөлімімен Тексеру комиссиясы аппараты басшысы және Тексеру комиссиясының жауапты мүшелерімен келісе отырып, оны өткізудің жоспары мен тәртібін жасайды. Материалдық-техникалық дайындау және Тексеру комиссиясының отырысын қамтамасыз етуді әкімшілік жұмыс және ақпараттандыру бөлімі іске асырады.

  1. Аудиторлық қорытындының жобасы және Шоғырландырылған тізілім жобасын жоспарлау, талдау және есеп беру бөлімі арқылы Тексеру комиссиясының мүшесінің қолы қойылып, Тексеру комиссиясының отырысы басталғанға дейін кешіктірмей, жиналыстың өткізілген күні туралы хабардар етіледі.
  2. Талқылауға аудит объектілері өкілдерінің қатысуын қажет етпейтін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары бойынша отырыстар олардың қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.
  3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын отырыстар Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып өткізіледі.
  4. Құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын мәселелерді қарау кезінде бейне және фотоаппаратураны, ұялы телефондарды және өзге де дыбыс жазу құралдарын қолдануға жол берілмейді. Жергілікті желілер мен дербес компьютерлер тоқтан ажыратылып, селекторлық байланыс ажыратылып тасталады.
  5. Тексеру комиссиясының отырысы қысқа мерзімде өтетін жағдайларда отырысқа арналған материалдар қысқартылған нұсқада дайындалып, оларды Тексеру комиссиясының мүшесі отырыс өткізілетін күні енгізуіне болады.
  6. Тексеру комиссиясы отырысын өткізілуін ұйымдастыруды бақылау Тексеру комиссиясы аппаратының басшысымен қамтамасыз етіледі.
  7. Тексеру комиссиясының отырысында мәселелерді қараудың нәтижелері бойынша шешім ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
    Отырысқа қатысып отырған Тексеру комиссиясы мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген жағдайда шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
  8. Отырысқа шығарылатын мәселені талқылау кезінде Тексеру комиссиясының мүшелері айрықша пікір білдіруге құқылы, бұл пікір жазбаша түрде ресімделіп, отырыстың хаттамасына тіркеледі.
  9. Тексеру комиссиясының отырысын өткізу кезінде хаттама жүргізіледі. Оны ресімдеу үшін жоспарлау және есептілік бөлімі қызметкерлері арасынан хатшы тағайындайды. Хаттамада талқыланған мәселелердің мән-жайы, қатысып отырған адамдардың тізімі, баяндамашылар мен талқылауға шығарылған мәселелер бойынша сөз сөйлеушілер, отырыста қабылданған шешімдер көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, Тексеру комиссиясы отырысының аудио және бейне жазбасы жүргізіліп, олардың фонограммасы толығымен жазылады, кейін басып шығарылып, отырыстың хаттамасына тіркеледі (техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда). Тексеру комиссиясы отырысының хаттамасы ол өткізілгеннен кейін үш күн мерзімде жасалады.
  10. Тексеру комиссиясы отырыстарының хаттамаларына Тексеру комиссиясының жауапты мүшелері бұрыштама қойып, отырысқа төрағалық етуші қол қояды.
  11. Бақылауға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен жоспарлау және есептілік бөлімімен бірлесіп аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша пресс-релиз әзірленеді, Тексеру комиссиясымен отырыс өткізілгеннен кейін үш күннен кешіктірмей Тексеру комиссиясы төрағасының келісімімен Тексеру комиссиясының Интернет-ресурсына және қажет болған жағдайда басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына орналастырылады.
  1. Тексеру комиссиясының шешімдерін ресімдеу тәртібі
  1. Тексеру комиссиясының отырыстарында қабылданған шешімдер тиісті Қаулылармен ресімделеді.
  2. Тексеру комиссиясы отырысының әрбір Қаулысы мен хаттамасына күнтізбелік жылдың басынан реттік нөмір беріледі. Тексеру комиссиясының Қаулысы қабылданған күн бақылаудың аяқталған күні болып табылады.
  3. Отырыстың қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді мемлекеттік аудит объектілеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жеткізу Тексеру комиссиясы мүшелерімен үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  4. Аудиторлық пікірді немесе Аудиторлық есептің үзіндісін қолдану арқылы мемлекеттік аудит жөніндегі нұсқаулық ұсыныстарды орындау және бұзушылықтарды жою үшін мемлекеттік аудит объектілеріне жіберіледі. Аудит жөніндегі комиссияның тапсырмасы және Аудитордың есебін толығымен Астана қаласының әкімдігіне және құқық қорғау органдарына жіберуге болады.
  1. Аудит материалдарын тапсыру, қабылдау және сақтау тәртібі
  1. Аудиторлық есептің түпнұсқалары (№1 данасы), аудиторлық есептің тізілімін немесе басқа да қосымшалары, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары (болған жағдайда) мемлекеттік аудиторлармен әкімшілік жұмыс бөліміне аудит объектілеріне тапсырылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бақылау материалдарын жинақтау папкасына салынып қалған бақылау материалдарымен жиналғанша қалыптастырылып тапсырылады.
  2. Объективтік себептер туындаған жағдайда (жұмыс күні соңында іссапардан келу, (демалыс күндері), науқасы бойынша) Аудиторлық есеп түпнұсқалары, тізілімдер және басқа да қосымшалар келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
  3. Аудиторлық есептің түпнұсқалары, тізілімдер және аудиторлық есепке басқада қосымшалар, мемлекеттік аудит объектілерінің қарсылықтары Тексеру комиссиясына түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әкімшілік жұмыс бөлімімен сканерленеді ЭҚАБЖ-да және ТК ВАЖ тіркеледі, сапаны бақылауға тапсырылады.
  4. Егерде, Аудиторлық іс-шара материалдарына құқықтық сараптамалық қорытындылар әзірлеу барысында мемлекеттік аудиторлармен бастапқыда қосымша ретінде тіркелмеген басқада құжаттар ұсынылса, мұндай құжаттар міндетті түрде мемлекеттік аудиторлармен аудит материалдарына, оның ішінде электрондық нұсқасына да тіркелуі керек.

Құжаттар аудиторлық ұйымның басшысының аудит жөніндегі іс-шараға жауапты Тексеру Комиссиясы мүшесінің атына бүкіл аудиторлық оқиға аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде басшылықтың жазбасын дайындау арқылы қол жеткізіледі.

Қызметтік жазба ЭҚАБЖ арқылы жіберіледі.

  1. Аудиторлық қорытынды бекітілген және Тексеру комиссиясының Қаулысына (Ұсынымға) қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі және мемлекеттік аудит тобының жетекшісі мемлекеттік аудит материалдарын (Аудит жоспарының түпнұсқаларын, Аудит бағдарламасын, аудит тапсырмаларын, Тапсырмаларды, сараптамалық қорытындыны, аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесі қол қойған аудиторлық қорытынды, Жиынтық тізілім, Тексеру комиссиясы төрағасы қол қойған отырыс хаттамасы) бақылау материалдарымен жинақтау папкасын кейінгіде мұрағатқа тапсырумен әкімшілік жұмыс бөліміне өткізеді, аудиторлық іс-шара материалдарының электрондық нұсқасы мәліметтердің Бірыңғай базасы электрондық мұрағатына енгізіледі.
  2. Мемлекеттік құпиялар бар аудиторлық іс-шара материалдары Қазақстан Республикасының құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес есепке алынады және сақталынады.
  3. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастыратын уәкілетті органдарға процессуалдық шешімдер қабылдау үшін жолданған әкімшілік материалдар көшірмелері сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде сақталынады және арнайы журналда тіркеледі. Әкімшілік жұмыс және ақпараттандыру бөліміне сақтауға тапсырылған әкімшілік материалдары кқшірмелері Тексеру комиссиясының жалпы кіріс-шығыс құжаттарынан бөлек сақталады.
  4. Аудиторлық іс-шаралар материалдарын жасау және рәсімдеу барысында құжаттар келесі реттілік бойынша қалыптасуы қажет:
  • Тексеру комиссиясы Қаулысының көшірмесі;
  • Тексеру комиссиясы Нұсқамасының көшірмесі;
  • аудиторлық қорытынды, Тексеру комиссиясы мүшесінің баяндамасы;
  • бұзушылықтардың жиынтық тізілімі;
  • Тексеру комиссиясы Төрағасының қолы қойылған отырыс хаттамасы
  • аудит жоспары;
  • аудит бағдарламасы;
  • аудиторлық тапсырма;
  • тапсырма;
  • қарсылықтарды қарастыру хаттамасы (болған жағдайда);
  • аудиторлық есепке қарсылық (болған жағдайда);
  • аудиторлық есеп, келесі реттілік бойынша қосымшаларымен:
  • бұзушылықтардың тізілімі;
  • талдамалар, кестелер, графиктер, бақылау өлшемінің актілері және т.б.;
  • бұзушылық фактілерін растайтын құжаттардың көшірмесі;
  • ескерту, талап ету;
  • қосымша материалдар;
  • сараптамалық қорытынды;
  • алдын ала зерделеу туралы ақпарат;
  • аудит тобымен нұсқама жүргізу;
  • аудит тобы жетекшілерінің және қатысушыларының апта сайынғы есептері;
  • үстеме тексеру жүргізуге берілген тапсырмалар;
  • үстеме тексерудің аудиторлық есептеріне қарсылықтар (болған жағдайда);
  • үстеме тексерудің аудиторлық есептеріне қарсылықтарды қарастыру хаттамасы (болған жағдайда);
  • кестелер, талдамалар, графиктер, бақылау өлшемінің актілері және т.б.;
  • бұзушылық фактілерін растайтын құжаттар көшірмесі.

Көрсетілген реттілікте қалыптастырылған барлық құжаттар Әкімшілік жұмыс бөлімімен тігінделіп, нөмірленеді.

  1. Аудит материалдарының қалыптасуындағы қорытындылаушы кезең аудит материалдарының тапсыру-қабылдау актісіне аудит тобының жетекшісі, аудитті жүргізуші қызметкердің, құжаттарды сақтауға қабылдайтын әкімшілік жұмыс бөлімінің жауапты қызметкерінің қол қоюы және аудитті өткізуге Тексеру комиссиясының жауапты мүшесінің тапсыру-қабылдау актілерін бекітуі болып табылады.
  2. Аудит материалдарын сақтауға тіркеу тігілген, нөмірленген және елтаңбалы мөрмен куәландырылған журналда тіркеледі, онда көрсетілетіндер:
  • аудит объектісінің атауы;
  • аудит жүргізуге тапсырманың күні және нөмірі;
  • аудит өткізуге жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің аты-жөні;
  • аудит материалдарының парақ саны;
  • аудит тобы жетекшісінің аты-жөні және қолы;
  • аудит материалдарын қабылдаған әкімшілік жұмыс және ақпараттандыру бөлімінің жауапты қызметкерінің аты-жөні.
  1. Аудит материалдарын тапсырудың уақтылығы және толықтығы үшін жауапкершілік аудит тобының жетекшісі және /немесе аудиторлық іс-шараға қатысқан мемлекеттік аудиторына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысына және әкімшілік жұмыс және ақпараттандыру бөліміне жүктеледі. Аудиторлық материалдарды уақтылы тапсыруды бақылау Тексеру комиссиясы Аппаратының басшысы жүзеге асырады.
  2. Аудит материалдарын қабылданғаннан кейін, олардың бүтіндігіне жауапкершілік әкімшілік жұмыс бөлімінің басшысына және әкімшілік жұмыс бөлімінің жауапты қызметкеріне жүктеледі.

Сақтауға қабылданған аудит материалдары кірушілер саны шектелген, санитарлық және өртке қарсы қажетті нормалар сақталған арнайы тағайындалған және бейімделген орын-жайда сақталады.

  1. Бақылау материалдарының түпнұқсқаларын беру туралы мәліметтер әкімшілік жұмыс бөлімінің іс-құжаттарды жүргізуге жауапты қызметкерімен тігілген, нөмірленген және елтаңбалы мөрмен куәландырылған журналда тіркеледі, онда көрсетілетіндер:

1)  алушының аты-жөні және фамилиясы;

2) аудит материалдарын беруге рұқсат берген тұлғаның аты-жөні және фамилиясы (қажеттілігіне қарай - растайтын құжатты көрсету);

3) материалдардың түрі;

4) аудиторлық іс-шара материалдарын алған күні;

5) аудиторлық іс-шара материалдарын қайтару күні.    

  1. 1 Тексеру комиссиясының қаулыларын түпнұсқаларын сақтау Тексеру комиссиясының іс-қағаздарын жүргізу ережесіне сәйкес жоспарлау және есептілік бөлімімен жүзеге асырылады.

Тексеру комиссиясы ұсынымдарының түпнұсқаларын сақтау аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесімен Тексеру комиссиясының іс-қағаздарын жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Аудит іс-шара мәліметтерін уәкілетті мемлекеттік органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, және басқа да тұлғаларға беру Тексеру комиссиясы Төрағасының келісімі бойынша Аппарат басшысының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
  1. Тексеру комиссиясының Аудиторлық қорытындылары мен Нұсқамаларындағы ұсынымдардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру
  1. Аудит қорытындысы бойынша қабылданған Тексеру комиссиясы шешімдері мен Ұсынымдарының орындалуын бақылау оны жүргізуге жауапты Тексеру комиссиясының мүшелеріне жүктеледі.
  2. Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі жарты жылда бір рет салыстыру жолымен құқық қорғау және уәкілетті органдарға аудиторлық материалдарға жолданған қарастыру нәтижелеріне мониторинг жүргізеді және оны жоспарлау және есептілік бөліміне тапсырады.
  3. Жоспарлау, талдау және есеп беру бөлімі Аудиторлық есепте және Тексеру комиссияның Регламентінің ережелерінде қамтылған ұсыныстарды орындауды бақылау және кейінгі есепке алуды жүзеге асырады.
  4. Аудиттің қорытындысы бойынша қабылданған Тексеру комиссиясы шешімдері мен Ұсынымдарының орындалуын мониторингілеу нәтижелері туралы ақпаратты Тексеру комиссиясының Төрағасына және Аппарат басшысына қызметтік жазба мен нысандар қосымшасымен жоспарлау және есептілік бөлімі ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күні ұсынып отырады.
  5. Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі жартыжылдық қорытындылары бойынша есепті кезеңнің келесі екінші айының 20 күнінен кешіктірмей, аудиторлық іс-шара материалдарының сапасын бақылау нәтижелері туралы жинақтама ақпаратты, сонымен бірге талдау қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының Қаулыларының, Ұсынымдарының орындалу сапасы бойынша ақпаратты Тексеру комиссиясы төрағасына ұсынады.
  6. Жоспарлау және есептілік бөлімі үш жұмыс күні ішінде атқарылу мерзімінің жақындағаны туралы аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесін хабардар етеді.
  7. Аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшелері

Ұсыным тармақтарының орындалуына екі жұмыс күнінен кем емес мерзімнен кешіктірмей ЭҚАБЖ арқылы және пошта бойынша Ұсыным тармақтарының орындалуы бойынша тиісінше ақпаратты мемлекеттік аудит объектілері ұсынбаған жағдайда, жазбаша түрде мемлекеттік аудит объектісіне ӘҚБтК 462-бабымен қарастырылған әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.

  1. Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі мемлекеттік аудит объектісінен ақпарат (растайтын құжаттар) алынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тексеру комиссиясының төрағасына шарттарды қайтарып алу немесе ұзарту туралы ресми қызметтік жазбаны ұсынады.
  2. Тексеру комиссиясының қабылдаған шешімінің атқарылуын бақылаудан алып тастау немесе оны бақылаудың мерзімін ұзарту Тексеру комиссиясы мүшесінің қызметтік жазбасына сәйкес Тексеру комиссиясы Төрағасының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
  3. Тексеру комиссиясы төрағасы шешімі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі мемлекеттік аудит объектісін Тексеру комиссиясының ұсынымдарының тармақтары және (немесе) аудиторлық қорытындыда бар ұсынымдарды одан әрі орындау туралы ақпараттандырады.
  4. Тексеру комиссиясының мүшелерімен ай сайын есепті кезеңнің келесі айының 10 күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит объектілерінен шешімдердің орындалуы мониторингісі аясында келіп түскен келген хаттар (ақпараттар) және олардың мекенжайларына жолданған жауаптар туралы ақпаратты Тексеру комиссиясының төрағасына ұсынады.
  5. Егерде, мемлекеттік аудит объектілері ақпарат ұсынбаса, Ұсынымдардың тармақтарын көрсетілген мерзімде орындамаса немесе тиісінше орындамаса аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясының мүшесі Ережелерде бекітілген тәртіпке сәйкес шаралар қабылдайды.
  6. Мемлекеттік аудит объектілерінің Аудиторлық қорытындыда бар ұсыныстарды орындалуын және Тексеру комиссиясы Ұсынымдары тармақтарының орындалуын талдау Ережелермен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылады.
  7. Қажеттілік туындаған жағдайда, Аудиторлық қорытындыда көрсетілген ұсыныстардың орындалу барысы туралы және ұсыным тармақтарын талқылау Тексеру комиссиясының отырысына енгізіледі, қарастыру қорытындылары бойынша тиісінше шешім қабылданады.
  1. Сараптамалық-талдамалық қызмет
  1. Тексеру комиссиясы Астана қаласының бюджетін тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 20-шы күнінде мәслихат пен Астана қаласының әкімі үшін жергілікті бюджетті орындау туралы жедел ақпарат алу үшін жүргізеді.
  2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері және мемлекеттік органдар тиісінше электрондық түрде, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша мәліметтерді ағымдағы бағалауды жүргізген кезде бірыңғай база арқылы ұсынған ағымдағы бағалауды жүргізген кезде ұсынылған мемлекеттік аудит материалдары сонымен бірге, жедел есептілік пен ақпарат және талдауды өңдеуге негізделген талдамалық ақпарат қолданылады.
  3. Сараптамалық-талдамалық қызметті жетекшілік ететін бағыттары бойынша Жоспарлау және есептілік бөлімі мен Тексеру комиссиясының мүшелері қамтамасыз етеді.
  4. Ағымдағы бағалау нәтижелері тәуекелді басқару жүйесін қалыптастыру кезінде ескеріледі.
  1. Тексеру комиссиясының есептерін әзірлеу
  1. Тексеру комиссиясы келесі есепті жылдың 20 мамырынан кешіктірмей Астана қаласының жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы есепті Астана қаласының мәслихатына қарастыруға ұсынады.
  2. Астана қаласының жергілікті бюджетінің орындалуы туралы есеп мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарына сәйкес бекітілген тәртіпте дайындалады.
  3. Астана қаласының жергілікті бюджетінің орындалуы туралы есеп мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарына сәйкес бекітілген тәртіпте дайындалады.
  4. Тексеру комиссиясының жұмысының қорытындылары туралы есеп, есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық, талдамалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың нәтижелері негізінде бөлімдермен дайындалады.
  5. Тоқсан сайынғы атқарылатын жұмыстың қорытындылары туралы есептер бөлім басшыларымен дайындалады, Аппарат басшысымен келісіледі және Тексеру комиссиясы төрағасының қарауына келесі есепті тоқсанның 10 күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
  6. Бөлім жұмыстарының жылдық қорытынды есептерін бөлім басшылары әзірлейді, ол есеп Аппарат басшысымен келісіледі және келесі есепті жылдың 15 қаңтарынан кешіктірілмей Тексеру комиссиясы Төрағасының қарастыруына енгізіледі.
  7. Бөлім жұмысының есептерінің уақытылы ұсынылуын бақылауды Аппарат басшысы қамтамасыз етеді, бөлім жұмысы есептерінің есепке алынуы Әкімшілік жұмыстар және ақпараттандыру бөлімімен іске асырылады.
  1. Өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдау жүргізу тәртібі
  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Тексеру комиссиясында іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Азматтарды қабылдауды Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес Тексеру комиссиясының Төрағасы, Тексеру комиссиясының мүшелері жүргізеді.
  3. Келушілерді қабылдау кестесі келушілерді қабылдайтын адамдар мен қабылдау уақыты көрсетіле отырып, Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында, сондай-ақ көрнекі орындарда мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.
  4. Азаматтарды қабылдауды есепке Әкімшілі жұмыс және ақпараттандыру бөлімнің іс жүргізу қызметінің қызметкері жүргізеді, өтініш берушінің аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, өтініштің қысқаша мазмұны, тапсырма және қараудың нәтижелері көрсетіле отырып, азаматтарды қабылдауды есепке алу журналында жүргізіледі.
  5. Азаматтарды қабылдау кезектілік тәртібімен жүргізіледі. Әкімшілік жұмыстар және ақпараттандыру бөлімі тізім жүргізеді. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер кезектен тыс қабылданады.
  6. Қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға келушінің қойған сұрақтарын білікті шешуді қамтамасыз ету үшін оларды қарауға Аппарат қызметкерлерін тартуына немесе олардан қажетті кеңес алуына болады.
  7. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмесе, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда қабылдауға аудармашы тартылады.
  8. Егер арыз немесе шағым қабылдау кезінде шешілмесе, онда азаматтардың көтерген мәселелері жазбаша түрде баяндалып, азаматтардың өтініштерін қарау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
  9. Егер келушінің өтініш жасаған мәселесін шешу Тексеру комиссиясының құзыретіне кірмейтін болса, онда қабылдауды жүргізуші оған қандай ведомствоға (ұйымға немесе мекемеге) жүгінуі тиіс екендігін түсіндіреді және мүмкіндігінше, осыған қажетті жәрдем көрсетеді.
  1. Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарын әзірлеу тәртібі
  1. Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрықтары (бұдан әрі – Бұйрықтар) мәселелерді регламенттеу үшін шығарылады, оларды шешу Тексеру комиссиясы Төрағасының жеке-дара өкімдік қызметінің шегіне жатады.
  2. Бұйрықтардың дайындық жобалары Аппарат басшысымен, Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен олардың нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне, қажет болған жағдайда мүдделі Тексеру комиссиясының мүшелерімен және бөлімдерімен келісіледі, бұдан кейін мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда орыс тілінде ресми бланкіде шығарылып, Тексеру комиссиясының Төрағасына қол қоюға ұсынылады.
  3. Бұйрықтар жобасын даярлау Тексеру комиссиясының тиісті бөлімдерімен жүзеге асырылады. Қол қойылғаннан кейін Бұйрықтарды тіркеуді Тексеру комиссиясының персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) жүзеге асырылады. Тексеру комиссиясының мүшелері және Бұйрықты орындауға жауапты немесе онда аты аталған Аппарат қызметкерлері міндетті түрде оның мазмұнымен танысуы тиіс.
  1. Демалыс беру және қызметтік іссапарға жіберу тәртібі
  1. Тексеру комиссиясының мүшелерін және Аппарат қызметкерлерін қызметтік өкілеттіліктерін, қайта даярлау және біліктілікті жоғарылату мақсатында қызметтік іссапарға, оның ішінде шетелге жіберу Тексеру комиссиясы Төрағасы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
  2. Тексеру комиссиясы Төрағасын, Тексеру комиссиясы мүшелерін және Аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрықтардың жобаларын персоналды басқару қызметі рәсімдейді.
  3. Іссапарға жіберу туралы бұйрықтарға іссапарға кетпестен бұрын екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қол қойылуы қажет. Іссапар шығыстарын төлеу жіберіліп отырған қызметкерлер Іссапарға кетпестен бір жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады. Қажет болғанда Іссапарға жіберу туралы бұйрықты дайындау және оған қол қою мерзімі қысқартылуы мүмкін.
  4. Қазақстан Республикасының аумағында қызметтік іссапарларға жіберілетін Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің шығындарын өтеу тәртібі және шарттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
  5. Демалыс беру Еңбек кодексіне және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес Тексеру комиссиясы Төрағасымен бекітілетін кесте бойынша жүзеге асырылады.

Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің демалыс беру туралы өтініштері Төрағаға демалысқа шыққанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

  1. Қорытынды ережелер
  1. Тексеру комиссиясының Төрағасы қызметі тиісті ережемен және бұйрығымен айқындалатын консультативтік-кеңесші және сарапшы комиссиялар (кеңестер) құруға құқылы.
  2. Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің арасында ұйымдастырушылық сипаттағы келіспеушіліктер туындаған жағдайда, олар Тексеру комиссиясының Аппарат басшысымен шешіледі.
артқа