Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Суретті көрсету:
Жай нұсқа

«Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы «Өңірлердегі сыртқы мемлекеттік бақылау органдарын жетілдіру туралы» Жарлығына сәйкес құрылды.

2011 жылдың 21 шілдесінде «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және сонымен бірге Тексеру комиссияларының қызметін реттеуші «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

Тексеру комиссиясының негізгі функциялары:

  1. Астана қаласы бюджетінің орындалуына және мемлекет активтерінің пайдаланылуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
  2. Жергілікті бюджеттің орындалу, бюджет қаражатының және мемлекет активтерін пайдалану саласында Бюджеттік заңнаманың, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау;
  3. Жергілікті бюджеттің орындалуы және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, Астана қаласының даму Бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау болып табылады.

Жүктелген міндеттер аясында Тексеру комиссиясымен келесі қызметтер атқарылатын болады:

  1. мыналарға:
    • өз қызметінің бағыты бойынша тиімділігіне;
    • бақылау объектілерімен есеп пен есептілікті және бақылауды жүргізуінің растығы мен дұрыстығына;
    • жергілікті бюджет қаражатын пайдалану сәйкестігін бақылау, сонымен қатар республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік несиелер түрінде бөлінген, байланысты гранттар мен жергілікті атқарушы органдарының кепілгерлік қарыздары мен мемлекет активтерінің Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес орындалуына;
    • жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті бюджеттен түскен түсімдер сомасының қайтарылуына;
    • мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
  2. Тексеру комиссиясы мынадай мақсаттарда:
    • Астана қаласы бюджетінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің принциптеріне сәйкес;
    • атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының, Астана қаласының даму Бағдарламасы және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бағалауды жүзеге асырады.

Тексеру коммиссиясымен жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша қаулылар қабылданады, және олар қаулыда көрсетілген барлық заңды тұлғалармен орындалуға міндетті болып табылады.

Тексеру комиссиясы өз өкілеттілігі шеңберінде өз мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиісті есебіне қорытынды, яғни өткен жылда жүргізілген жұмыс туралы есеп болып табылатын елорда бюджетінің орындалуы туралы жылдық есепті жыл сайын мәслихатқа ұсынатын болады.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы елорданың мәслихатына және тиісті мемлекеттік органдарға бақылау нәтижелері бойынша лауазымдық тұлғалармен нормативтік құқықтық актілердің сақталмауы анықталған дәлелдер негізінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

Осы бағытта Тексеру комиссиясы жергілікті бюджеттің орындалуына ішкі бақылаудың жүргізілуі туралы ұсынылған актілерді талдау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстарды беру жолымен жергілікті бюджеттің орындалуына ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру бөлігінде ішкі бақылау қызметтерімен тығыз ынтамақтастықта болады.

Тексеру комиссиясының барлық бақылау, сарапшылық-талдамалық және ақпараттық қызметтері мәртебесі бойынша саяси мемлекеттік қызметкерлер болып табылатын 4 адам санындағы Тексеру комиссиясының мүшелерімен жүзеге асырылады.

Тексеру комиссиясы өз қызметін бекітілген Жұмыс жоспарына сәйкес атқарады.

артқа