Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Суретті көрсету:
Жай нұсқа
30.05.2019

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2018 жылғы Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі қаралып, бекітілді, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады.

Ңұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2018 жылғы Ңұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есебі барлық параметрлер бойынша бюджеттің атқарылуын талдауды, елордада бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бағалауды, сондай-ақ жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген бағалауды қамтиды.

Жалпы, Тексеру комиссиясы елорда әкімдігінің 2018 қаржы жылы бюджетті атқарудың негізгі параметрлерін орындағанын атап өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің параметрлері кірістер бойынша 100,9%-ға орындалды, бұл ретте салықтық және салықтық емес төлемдердің 11 түрі бойынша болжам орындалмаған.

2018 жылы елорда бюджетінің шығыстары бойынша атқару көрсеткіші 99,8% деңгейінде (жоспар - 431,747 млрд.теңге, 431,070 млрд.теңге игерілді) немесе 13 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 676,7 млн. теңгені игермеген (жергілікті атқарушы орган резервінің бөлінбеген сомасын қоса алғанда – 75,4 млн. теңге)

Бюджеттік параметрлерді нақтылау және түзету бойынша қабылданған шараларға қарамастан, шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің айтарлықтай көлемде дебиторлық берешегі (2018 жылы 42,3 млрд.теңге) қалыптасуымен жүзеге асырылды.

Бюджеттің атқарылуы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жоспарлау мен іске асырудың елеулі кемшіліктерімен іске асырылды.

Осылайша, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары сияқты талданған құжаттарда Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен мақсаттарының мемлекеттік бағдарламалардағы сәйкес көрсеткіштерге, міндеттер мен мақсаттарға сәйкес келмеушілік анықталды.

Сонымен бірге, инвестициялық жобалар нақты стратегиясыз (дәйектілікпен, басымдықпен және т.б.) іске асырылады, сондай-ақ объектілерді коммуналдық меншікке және пайдаланушы ұйымдарға беру мерзімдерін созу өзекті проблема болып қала береді, осының бәрі соңғы нәтижесінде жоғарыда аталған стратегиялық құжаттардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер етеді, сондай-ақ жекелеген жағдайларда экономикалық шығындарға және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеп соғады.

Тұтастай алғанда, есепті кезеңде бюджеттің 50%-дан астамы (51,1%-ы немесе 220,6 млрд.теңге) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, жол салуға және энергетикалық кешенді дамытуға келеді, бұл ретте әлеуметтік салаға бар-жоғы 30,5% (131,6 млрд. теңге) тиесілі.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары Есепті қарастыру нәтижесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды сапалы әрі тиімді іске асыруды нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнама талаптарын сақтай отырып, қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.