Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Суретті көрсету:
Жай нұсқа
03.05.2019

2019 жылдың 2 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Тексеру комиссиясының отырысында салықтық әкімшілендіру тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да төлемдердің толықтығы мен уақтылылығына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Мемлекеттік кірістер органдарында заманауи ақпараттық жүйелер мен технологиялық сервистерді енгізудің оң нәтижелерін, жергілікті бюджетке салық түсімдерінің өсу үрдісін атап көрсете отырып (2016 жылы - 200 715 млн. теңге, 2017 жылы - 226 698 млн. теңге, 2018 жылы - 248 290 млн. теңге), аудиторлық іс-шараның қорытындысы мемлекеттік кірістер органдарының салықтық әкімшілендіруді, жергілікті бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің уақтылылығын жүзеге асыруы кезінде бірқатар кемшіліктер мен олқылықтардың бар екендігін көрсетті.  

Осылайша, соңғы жылдары кадрлардың тұрақтамауының, әсіресе Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық басқармаларында (бұдан әрі – аудандық басқармалар) өсу үрдісі байқалады, онда кадрлардың тұрақтамау коэффициенті 30%-дан 43,8%-ға дейін жетеді, бұл мемлекеттік кіріс органдарының өкілеттіктері мен алдына қойылған міндеттерін орындау сапасына теріс әсер етеді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) оның қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту кезінде бірқатар кемшіліктер мен олқылықтарға жол берген (Регламентте, құрылымдық бөлімшелердің ережелерінде, лауазымдық нұсқаулықтарда).

Департаментте олардың негізінде салықтық әкімшілік ету жүзеге асырылатын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерге тиісті мониторинг жүргізілмеген. Мемлекеттік аудит барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ұсынған жұмыста пайдаланылатын құжаттардың тізбесінде заңды күші жойылған бес құқықтық акті көрсетілген.

Департамент пен аудандық басқармалар арасында уәкілетті органдардан алынған ақпаратты өңдеу бойынша тиісті үйлестіру жоқ, бұл жергілікті бюджетке айтарлықтай соманың түспеуіне әкеп соғады. Осылайша, Департаменттің 12 айдан кем меншік құқығында болған жылжымайтын мүлікті сатқан жеке тұлғалар туралы ақпаратты ұсынбауынан, Алматы ауданы бойынша МКБ - 104 жеке тұлға, Есіл ауданы бойынша МКБ - 6 жеке тұлға салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілмеген.

2018 жылғы 11 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен бекітілген Қаланың 2018-2019 жылдарға арналған жергілікті бюджетіне түсімдерді ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шаралар толық көлемде орындалмайды. Осыған байланысты, жергілікті бюджетке салықтардың түспеуі түріндегі алынбай қалған пайданың жалпы сомасы         1 739 441,8 мың теңгені құрады, оның ішінде 2017 жылы – 712 813,8 мың теңге, 2018 жылы – 1 026 628 мың теңге.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен ақпарат алмасу кезінде өзара іс-қимылдың тиісінше жүргізілмеуі байқалады. Осылайша, қозғалтқыш көлемі 4 500 текше см. асатын жеңіл көлік құралдарын С, С1, D, D1 санаттарында тіркеу фактілері орын алған, бұл көлік құралына салынатын салықты кеміту болып табылады және жергілікті бюджеттің едәуір шығындарына әкеледі (мысалы, Алматы ауданы бойынша МКБ 15 көлік құралы бойынша көлік құралдарына салынатын салықтардан келген шығын 5 975,8 мың теңгені құрады, оның ішінде 2017 жылы - 2 632,2 мың теңге және 2018 жылы - 3 343,6 мың теңге; Есіл ауданы бойынша МКБ 4 көлік құралы бойынша   жалпы сомасы 1 207,3 мың теңге, оның ішінде: 2017 жылы - 430,6 мың теңге, 2018 жылы – 776,7 мың теңге; Сарыарқа ауданы бойынша МКБ 10 көлік құралы бойынша жалпы сомасы 3 668,9 мың теңге, оның ішінде 2017 жылы - 1 747,7 мың теңге, 2018 жылы -          1 921,2 мың теңге).

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органнан да қате деректер келіп түседі (жеке тұлға мүліктің меншік иесі болып табылмаған жағдайлар, салық салу үшін қайтыс болған жеке тұлғалар бойынша мәліметтер жіберіледі).

Мұнымен қоса, мемлекеттік кірістер органдарының 2017 және 2018 жылдардағы бақылау-экономикалық жұмысының нәтижелілік көрсеткіштеріне жүргізілген талдау салықтық тексерулердің тиімсіздігін куәландырады. Мәселен, жүргізілген тексерулердің 62,8%-дан астамы нәтижесіз болды.

Жалпы бересі мен артық төлеу сомаларын талдау салық пен төлемдерді артық төлеу мен бересі сомасының жылдан жылға артып отырғанын көрсетті, салық түсімдерінің жалпы сомасындағы артық төлеудің үлес салмағының өсу үрдісі байқалады, бұл салық түсімдерін әкімшіліктендірудің экономикалық әсері төмендегенін айғақтайды. Осылайша, 2018 жылдың ішінде бересі           1 864,7 млн.теңгеге (96,4%-ға) артып, кезең соңына 3 798,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық - 1 049,2 млн. теңге, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық - 309,5 млн. теңге. Бұл ретте көлік құралдарына салынатын салық бойынша Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны уақтылы жібермеу жағдайлары орын алған (Алматы ауданы бойынша МКБ 11 жеке тұлғаға 4 069,4 мың теңге сомасына, оның ішінде 2017 жылы - 1 169,2 мың теңге және 2018 жылы - 2 900,2 мың теңге; Сарыарқа ауданы бойынша МКБ 15 жеке тұлғаға жалпы сомасы 4 848,2 мың теңгеге, оның ішінде 2017 жылы - 2 139,8 мың теңге және 2018 жылы - 2 708,4 мың теңге).

Мемлекеттік аудит материалдары жеке тұлғалардан салықтар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын тиісінше орындау бөлігінде мемлекеттік кіріс органдарының жеке сот орындаушыларымен өзара іс-қимылының жоқтығын көрсетеді.  Осылайша, 2018 жылы 1 236 196 мың теңге сомасына 13 959 салықтық бұйрық орындалмаған, бұл мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған шаралардың тиімділігіне теріс әсер етеді.

Мемлекеттік кіріс органдарының заңды талаптарын орындамайтын тұлғаларға әкімшілік іс жүргізуді қозғауды қоса алғанда, салық төлеушілерге қатысты толық шаралар қолданбау Департамент пен аудандық басқарма қызметкерлерінің салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету бөлігінде өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше орындамай отырғанын көрсетеді, жалпы салық төлеушілердің салық заңнамасын сақтауына теріс әсер етеді және Салық кодексінің нормаларында көзделген салық салу міндеттілігі, әділдігі, адалдығы қағидаттарын салық төлеушілердің сақтамауына ықпал етеді.

Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы жергілікті бюджет кірісіне түсуге жататын 28 983,5 мың теңгені құрады, оның ішінде аудиторлық іс-шара барысында    11 547,3 мың теңгесі түсті, бюджеттің тікелей (жанама) шығындары            320 740,8 мың теңгені құрады, сондай-ақ рәсімдік және жүйелік сипаттағы    88 бұзушылық анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.