Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Суретті көрсету:
Жай нұсқа
03.04.2019

2019 жылғы 1-3 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру және қайта даярлау жоспар-кестесіне сәйкес «Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің аудиті» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өткізілді.

Семинар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Кәсіби даму институтының оқытушыларының қатысуымен өткізілді.

Семинар бағдарламасында шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу және жоспарлау мәселелері, аудиторлық тәуекелдер, мәнділік деңгейі, өзара операциялардың аудиті, сондай-ақ қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру негіздері, ресми-іскерлік стилінің орфографиялық нормалары зерделенді.