Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Суретті көрсету:
Жай нұсқа
05.03.2019

Ағымдағы жылғы 1 наурызда Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясында сәулет және қала құрылысы саласында уәкілетті органға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аудиторлық іс-шаралар  материалдарын жолдау мәселесі бойынша семинар-жиналыс өткізілді.

Семинар-жиналыста Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысының орынбасары Д.Б. Досқұлов, Басқарманың әкімшілік-құқықтық бөлімі басшысы Б.И. Аймағамбетов, Басқарманың бас мамандары А. Мейманқұлов, Е. Сережа қатысты.

Семинарда сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын дұрыс қолдану тәжірибесі, Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды жолдау кезінде құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін талап қою мерзімінің өтуі  мәселелері талқыланды.

Талқылау нәтижесі бойынша материалдарды жолдау кезінде туындайтын мәселелерді шешуде бірлескен әрекет жасау туралы шешім қабылданды.