Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Суретті көрсету:
Жай нұсқа
22.09.2017

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметіндегі ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары туралы ақпарат (19.07.2017 жылғы қорытынды)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастырушылық-басқару қызметінде жекелеген кемшіліктер атап өтіледі.

1) Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша іс-шаралар шеңберінде құрылымдық бөлімшелер ұсынған ақпаратқа сәйкес сенім телефоны жұмыс істейді және азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған.

Сонымен бірге, 2016 жылы және 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында  азаматтардан және/немесе аудит объектілерінен өтініштер түскен жоқ.

Өтініштер түспеуінің бір себебі аудит объектілерінің осы мүмкіндік туралы жеткілікті хабардар болмауы.

Мысалы, аудит объектілерінде аудиторлық іс-шаралар жүргізу кезінде орналастырылатын ақпаратта Тексеру комиссиясының сенім телефоны көрсетілмейді.

2) Жекелеген жағдайларда аудиторларды аудит объектілері бойынша бөлу кезінде олардың бір объектілерге бірнеше рет және қайталанатын топ құрамында бару фактілері орын алған.

3) Кейбір жағдайларда мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуге қысқа мерзім (3 жұмыс күні) белгіленеді, бұл аудиторлық іс-шараны жоспарлау сапасына кері әсерін тигізеді.

Өз кезегінде, аудиторлық іс-шараны жоспарлау сапасының төмен болуы аудит барысында Аудит жоспарына және Бағдарламасына, ал кейбір жағдайларда тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізу қажеттілігіне әкеледі.

4) Аудит материалдарының (оның ішінде жоспарлау материалдарының да, аудиторлық есептердің де) сапасын бақылауды қысқа мерзімде (1 жұмыс күні) жүргізудің жекелеген фактілерін атап өтеміз.

Аталмыш фактілер Аудит жоспарын және Бағдарламасын жасау сапасына теріс әсер етеді, сондай-ақ аудиторлық есептерде және дәлелдеме базасында сәйкессіздіктердің анықталмауына әкелуі мүмкін.

7) Аудит материалдарының сапасын бақылау нәтижесінде жекелеген сәйкессіздіктер мен кемшіліктер анықталады.

Сонымен бірге, стандарттарға сәйкестік туралы қорытынды мен мемлекеттік аудит жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыныстар берілмейді.

8) Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 240-тармағына сәйкес аудиторлық іс-шараға жауапты Тексеру комиссиясы мүшесінің мемлекеттік және қызметтік құпияны, сондай-ақ таралымы шектеулі қызметтік ақпаратты (қызмет бабында пайдалану үшін) құрамайтын аудиторлық қорытындысы Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында  орналастырылады.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша тек баспасөз хабарламалары орналастырылады.

9) Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында құрылымдық бөлімшелердің және лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтері, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат көрсетілмеген.

Ұсыныстар:

1) Аудит объектілерінде аудиторлық іс-шаралар жүргізу кезінде орналастырылатын ақпаратта Тексеру комиссиясының сенім телефонын көрсету.

2) Аудиторларды аудит объектілері бойынша бөлу кезінде оларды бір объектілерге және топ құрамына бірнеше рет енгізуді барынша азайту.

3) Аудит объектісін алдын ала зерделеудің толықтығын және сапасын қамтамасыз ету мақсатында оны жүргізудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу.

4) Аудит материалдарының сапасын бақылауды күшейту, соның ішінде оны жүргізуге қажетті мерзімдерді сақтау жолымен.

5) Аудит материалдарының сапасын бақылау нәтижесі бойынша стандарттарға сәйкестігі туралы қорытындыны және аудит жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыныстарды көрсету. 

6) Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында құпиялылық қағидатын сақтай отырып, аудиторлық қорытындыларды жариялауды қамтамасыз ету.

7) Тексеру комиссиясының интернет-ресурсында құрылымдық бөлімшелердің және лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтерін, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпаратты орналастыру. 

Анықтама: ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша қорытынды Тексеру комиссиясының аппараттық кеңесінде қарастырылып, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметіндегі ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша ұсынымдар толық көлемде орындалды.