Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Суретті көрсету:
Жай нұсқа
09.08.2018

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2018 жылдың 1-жарты жылдығындағы қызметінің қорытындылары

 «Астана ақшамы» газетінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 92 (3770) санында жарияланған

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында сыртқы мемлекеттік аудит органдарымен бюджет қаражатын және мемлекет активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, өзіне жүктелген өкілеттіктер шеңберінде Тексеру комиссиясымен 2018 жылдың 1-жарты жылдығында 35 объектіні қамтыған 8 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 350,0 млрд. теңгені құрады.

Есепті жыл қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 83,4 млрд. теңгені немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінің 24%-дан астамын құрады, оның ішінде 32,6 млрд.теңге қаржылық бұзушылықтарға, 172,8 млн.теңге квазимемлекеттік сектор актілері бойынша бұзушылықтарға келеді, 125,7 млн.теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылып, 1,8 млн.теңге тиімсіз жоспарланған. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде 50,5 млрд.теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтардың 737 бірлігі анықталды.

Қалпына келтіруге/өтеуге жататын 32,6 млрд.теңге қаражаттан бүгінгі күнге 25,3 млрд. теңгесі қалпына келтірілді/өтелді, оның ішінде:

- ақшалай өтелгені – 21,1 млн. теңге;

- жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу, есепте көрсету жолымен қалпына келтірілгені – 25,3 млрд.теңге.

Жіберілген бұзушылықтар үшін 83 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде әкімшілік – 50, тәртіптік – 33.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдар мен соттарға 66 материал жолданды.

Жолданған материалдарды қарастыру нәтижесінде 49 қозғалған әкімшілік іс бойынша 24,7  млн. теңге жалпы сомасына айыппұл салынды.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 8 материал жолданды.

Сонымен бірге, Тексеру комиссиясының қызметі тек бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, жүйелі кемшіліктер мен проблемалық мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын белгілеуге бағытталған.

Осылайша, есепті кезең ішінде Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға барлық анықталған проблемалық мәселелер және бұзушылықтар бойынша 42 ұсыным мен 117 тапсырма берілді.

2018 жылы Тексеру комиссиясымен қаржылық тәртіпті нығайту және қала аумағында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға, заңнама нормалары бұзушылықтарының алдын алуға және оларды барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жалғастырылатын болады.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы