Әдеп нормалары – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының қызметі тиімділігінің маңызды факторы

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан, мемлекеттік органдар мен қызметшілердің қоғам қоятын талаптарға сай болуы аса маңызды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істей отырып, адам өзіне белгілі бір міндеттемелерді, оның ішінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Мемлекеттік қызметте аппарат ішіндегі, сондай-ақ азаматтармен өзара қарым-қатынас мәдениеті мәселелеріне үлкен мән беріледі. Адамгершілік идеалдар мен моральдық ұстанымдар кез келген кәсіптегі адамдардың мінез-құлқын анықтайды, әсіресе олар мемлекеттік қызметте маңызды, өйткені мемлекеттік қызметшілер – мемлекет пен оның азаматтары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекет саясатының жолсеріктері болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің әдебі – бұл мемлекеттік қызметте басшылар мен бағыныстылардың, бірлескен қызметі барысында әріптестердің, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін ортақ құндылықтар мен қағидалар жүйесі.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі «Кәсіби ар-намыс», «Кәсіби абырой», «Кәсіби борыш» сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызмет осы ұғымдармен өзара байланыста болуы қоғам мен мемлекет үшін құнды. Одан басқа, бұл ұғым мемлекеттік қызметші әдебінің негізі болып табылуы тиіс азаматтық ар-намыс пен қызметтік ар-намысты білдіреді.

Әдеп құрамдасы кәсіпқойлықпен және құзыреттілікпен қатар мемлекеттік қызметтің тиімділігіне үлкен әсерін тигізеді.

Мемлекеттік қызметтегі келеңсіз құбылыстардың алдын алу көбінесе әдеп принциптерінің дағдыландырылуына негізделеді. Мұндай қағидаттар, әдеп нормалары тиісті түрде бекітіледі.

 «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 12-қадамын жүзеге асыру шеңберінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже әзірленіп, бекітілді.

Әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқын алдын алуға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қызметшілердің жұмыстағы да, тұрмыстағы да мінез-құлқын реттейді.

Мемлекеттік аудиторлардың әдеп нормалары Әдеп кодексімен қатар мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың тәуелсіздік, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпиялылық, анықтық, ашықтық, жариялылық, мемлекеттік аудиттің нәтижелерін өзара тану сияқты негізгі қағидаттарын қолдануға бағытталған, мінез-құлықтың моральдық қағидаттарының жүйесін білдіретін мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп ережелерін регламенттейді. Қағидалар мемлекеттік аудиторлардың өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау тиімділігін арттыруға шақырады және мемлекеттік аудит саласында моральды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

Жоғарыда аталған құжаттарға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы қызмет тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатын қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті қызмет жүргізеді, өйткені қызметтік әдеп нормаларына сәйкес келмейтін қызметшілердің мемлекеттік аудитті жүзеге асыруы – аудит  нәтижелеріне кір келтіруі мүмкін.

Осылайша, Тексеру комиссиясының басшылығы қажетті бақылауды жүзеге асырады, тиісті ішкі құжаттар әзірленді және қабылданды, тұрақты негізде азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.

Әдеп жөніндегі уәкіл:

  • мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
  • ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
  • мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады.

Персоналды басқару қызметі және бөлім басшылары тұрақты түрде заңдылықты сақтауға және ұжымда салауатты моральдық-психологиялық жағдайды қолдауға ықпал ететін қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған алдын алу және тәрбиелік-профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына арнайы есепке алу мәліметтері (соттылық, әкімшілік айыппұл және т.б.) жолданады.

Аудитке шығар алдында әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен міндетті түрде аудиторлық іс-шаралар тобының қатысушыларымен нұсқаулық өткізіледі.

Қазіргі уақытта Мүдделер қақтығысы туралы ереже әзірленді және бекітілді, оған сәйкес міндетті түрде аудиторлардың объектілерге шығуы алдында мүдделер қақтығысына талдау жүргізу қамтамасыз етіледі, бұл Тексеру комиссиясы қызметкерінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Ұжымдағы оң ахуал мен Тексеру комиссиясының оң имиджін қалыптастыруға белсенді қатысқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу тәжірибесі енгізілді.

Осылайша, Тексеру комиссиясының басымдығында Әдеп кодексі нормаларын қатаң орындау ғана емес, сонымен қатар әрбір қызметкер үшін нағыз адамгершілік бағдар болуы үшін жағдай жасау да бар.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының
мүшесі - Әдеп жөніндегі уәкіл
Е.В. Лебо