«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы қызметінің қорытындысы» мақаласы

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің принциптеріне сәйкес бюджетті жоспарлау, атқару және активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асырады.

2019 жылы 16 аудиторлық іс-шара бойынша қорытынды шығарылды, 64 аудит объектісінде жалпы сомасы 272 776,3 млн. теңге, атап айтқанда:

  • мемлекеттік органдарда – 189 235,0 млн.теңге немесе 69,4 %;
  • квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 83 541,3 млн.теңге немесе 30,6 % қамтылды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 64 878,6 млн.теңгеге немесе қамтылған қаражат көлемінің 20%-ынан астам бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтардың ең көп үлесін 41 416,6 млн. теңгені тиімсіз жоспарлау бұзушылықтары құрайды, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының бұзушылықтары 10 812,8 млн. теңгені және қаржылық бұзушылықтар бюджетке өтелуі және/немесе қалпына келтіруге (құжаттарды сәйкес келтірілуімен, жұмыстарды орындаумен) жататын 12 649,2 млн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, аудит объектілерінің қызметінде 1 105 рәсімдік бұзушылық және 405 жүйелік кемшіліктер анықталды.

Қалпына келтіруге/өтеуге ұсынылған қаржылық бұзушылықтардың бүгінгі таңда 9 646,6 млн. теңгесі қалпына келтірілді/өтелді, оның ішінде:

  • 142,0 млн.теңгесі – 1,5 % ақшалай нысанда өтелді;
  • 9 504,6 млн.тенгесі,– жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, тауарларды жеткізу, есеп бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілді, бұл 98,5 % құрайды.

Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі (80%) бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін сақтамауға алып келеді. Бұзушылықтардың қалған бөлігі бюджеттік, азаматтық, сәулет-құрылыс заңнамасын сақтамауға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес келеді.

Барлық аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары Тексеру комиссиясының www.rkastana.gov.kz. ресми сайтында жарияланған.

Анықталған бұзушылықтарды талдау олардың көпшілігі жүйелі сипатқа ие екендігін көрсетті, бұзушылықтарға жол берудің негізгі себептері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылдың айқын тетігінің жоқтығы, жауапты қызметкерлердің біліктілік және орындаушылық тәртібінің жеткіліксіздігі, қызметкерлердің көп жүктелуі, кадрлардың тұрақтамауы, басшылық құрам тарапынан жұмыскерлердің заңнама нормаларын сақтауына тиісті бақылаудың қамтамасыз етілмеуі, заңнаманың дұрыс түсіндірілмеуі, сондай-ақ жекелеген нормативтік құқықтық актілердің қарама-қайшылықтары болып табылады.

Осылайша, бұзушылықтарға жол бергендігі үшін 141 лауазымды адам, оның ішінде 84-і тәртіптік жауапкершілікке (оның ішінде 16 басшы және 68 лауазымдық тұлға), 57-сі әкімшілік жауапкершілікке (жалпы сомасы 8,2 млн.теңгеге айыппұл салынды) тартылды.

Сонымен қатар, есептік кезеңде Тексеру комиссиясымен жергілікті атқарушы органдарға, уәкілетті органдарға, мемлекеттік басқару органдарына және аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды және жұмыстарындағы кемшіліктерді жою мақсатында 68 ұсыным және 256 тапсырма жіберілді.

Барлық проблемалық мәселелер бойынша тиісті ақпарат тұрақты негізде Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына және әкіміне жолданып отырады.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясымен есептік жылға қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді:

- мемлекеттік орган қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, аудиторлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі ұсынымдарды қамтитын мемлекеттік аудиттің әдістемелік құжаттарын әзірлеу (1) және жетілдіру (10);

- Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлерін шақырылуымен семинар өткізіліп, сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды;

- мәслихат депутаттарының және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен «Техникалық, кәсіптік білім беру және мәдениет салаларындағы мемлекеттік аудит объектілері қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер» тақырыбында семинар өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы алдағы уақытта елордадағы қаржылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасы  нормаларының бұзушылықтарын алдын алуға және оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізуді жалғастыратын болады.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ