Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев

Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы

1963 жылы 1 маусымда Павлодар облысында туылған.

1981 жылы Павлодар есеп-экономикалық техникумын ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп мамандығы бухгалтер біліктілігі бойынша, 1987 жылы А.В. Хрулев атындағы Қызыл жұлдыз ордені атындағы Ярослав жоғары әскери қаржы училищесін әскерді валюталық-кассалық және несие-есептесу қамсыздандыру мамандығы экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша, 2001 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы экономист біліктілігі бойынша бітірген (үздік). Мемлекеттік аудитор сертификаты бар. Экономика ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолын 1981 жылы Павлодар облысы Железинский ауданы Прииртышский ауылында бухгалтер ретінде бастаған.

1981 жылғы қазаннан бастап 1983 жылғы тамыз аралығында – мерзімді әскери қызметте болған.

1987 жылғы қыркүйек - 1990 жылғы маусым аралығында – Мембанк далалық мекемесінің касса бастығы (Германия, Дрезден қ.).

1990 жылғы маусым - 1992 жылғы шілде аралығында – Мембанк далалық мекемесінің Батыс әскери тобының аға бухгалтері, бас бухгалтері (Германия, Гримма қ.).

1992 жылғы шілде - 1993 жылғы қаңтар аралығында – РФ Орталық банкі далалық мекемесінің бас бухгалтер орынбасары – операциялық тобының бастығы (Байқоңыр қ.).

1993 жылғы қаңтардан қазанға дейінгі аралықта – Павлодар қаласы Ильичевск аудандық әскери комиссариатының бөлімше бастығының көмекшісі. 

1993 жылғы қазан - 1998 жылғы шілде аралығында – Павлодар облыстық әскери комиссариатының қаржы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің бастығы.

1998 жылғы шілде - 2014 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің ұйымдастыру-жоспарлау, ақшалай жабдықталым, бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Экономика және қаржы департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

2014 жылғы сәуірден бастап 2018 жылғы маусым аралығында – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 маусымдағы шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Үйленген, 3 баласы бар.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, еңбек сіңірген жылдары үшін 14 мерейтойлық медальмен марапатталған.