Ағымдағы жылғы 30 қарашада Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының Құрылыс басқармасына денсаулық сақтау нысандарын салуға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Бақылаумен елордада қала тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңарту жоспарлы түрде іске асырылып, осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаттары толық көлемде игеріліп жатқандығы атап өтіледі.

Сонымен қатар, құрылыс барысында құрылыстың аяқталу мерзіміне әсер ететін көптеген қосымша келісімдер жасалып, соның салдарынан жоба құнының қымбаттауына соқтырады.

Жобалық-сметалық құжаттамалардың сапасының төмен болуынан жекелеген жұмыс түрлері мемлекеттік сараптамалармен расталмаған орындау сметалары негізінде жүзеге асырылуда.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Құрылыс басқармасына тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Фото