Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Астана қаласының білім беру мекемелеріне мүмкіндігі шектеулі балаларды және мүгедек балаларды арнайы жалпы білім беруге оқыту шеңберінде бөлінген бюджет қаражаттарының пайдаланылу тиімділігін бақылаудың қорытындысы қарастырылды

Жалпы алғанда, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мекемелердің қызметі бекітілген заңнама талаптарына сай келеді.

Сонымен қатар, бақылаумен жекелеген білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларының жүйелік бұзушылықтары анықталды.

Атап өтсек, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның тиісті қорытындысынсыз мүгедек балаларды оқуға қабылдау және оқыту жағдайлары анықталды.

Мүгедек балаларды оқытатын жекелеген мектептерде сыныптардың топтасуын талдау нормативті мөлшердегі санынан жоғары екендігін көрсетті.

Көптеген мектептерде педагог-дефектологтар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар және медицина қызметкерлерінің жетіспейтіндігі атап өтіледі.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тамақпен қамтамасыз ету және басқа да қызметтерді көрсету бойынша жекелеген сұрақтар орын алып отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша Астана қаласының Білім басқармасына және білім беру мекемелеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.

Мәжілістен фотосуреттер