Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Астана қаласы бойныша Тексеру комиссиясының отырысында техникалық және кәсіби білім беруді ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына, сондай-ақ мемлекет активтерінің басқарылуына жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары қарастырылды

Жүргізілген аудит нәтижелері, жалпы алғанда, колледждердің мамандарды дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыруға бағытталған қызметі техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіндігін көрсетті.

Сонымен бірге, аталмыш оқу орындарының қызметінде дамыту бағдарламаларын әзірлеу және бекіту бөлігінде кемшіліктер бар, штаттан тыс бірліктерді ұстау фактілері орын алған, бұл еңбекақы қорларының өсуіне әкеп соғады. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бұзушылыққа жол берілген.

Отырыс нәтижесінде уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Тексеру комиссиясы тиісті қаулыны қабылдады.

Мәжілістен фотосуреттер