Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және діни экстремизм мен терроризммен күрес мәселелері бойынша семинар

Үстіміздегі жылдың 25 қарашасында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және діни экстремизм мен терроризммен күрес мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.

Тексеру комиссиясысынң төрағасы Ғалымжан Молдаш өз сөзінде қарастырылып отырған мәселелердің маңыздылығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және діни экстремизм мен терроризммен күреске бағытталған мемлекет саясатының басымдылығын атап өтті.

2016 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Тексеру комиссиясында өткізілген іс-шаралар жөнінде сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Еркін Рашидов баяндады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін көтерді, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы бейне ролик көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысушылар назарына діни экстремизм мен терроризммен күрес жөніндегі қысқа метражды фильмді ұсынды.

Тақырыптық семинарлар өткізу жемқорлықтың алдын алуда пәрменді тетіктердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесін нығайтуға және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімдікке дағдыландыруға бағытталуы тиіс.

Мәжілістен фотосуреттер