Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жылу» МКҚК-да мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды

Мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит Кәсіпорын қызметінің оның Жарғысындағы мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетінін көрсетті. Жалпы алғанда, Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, мемлекеттік басқару органы тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамасының жекелеген нормалары бойынша 721,8 млн. теңге жалпы сомасына бұзушылықтар, 112,2 млн. теңге жалпы сомасына бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 1 366,0 млн. теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтар жіберілген.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.