Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бойынша қызметінің тиімділігіне, сондай-ақ «ШЖҚ «Астана Эко Полигон» МКК-да мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерінің басқарылуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қарастырылды

Мемлекеттік аудит қорытындылары, жалпы алғанда Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару бойынша жағдайдың жақсарып келе жатқанын көрсетті. Мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қаладағы ҚТҚ жинап-өңдеу бойынша оң практика қалыптастырылған: қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі тиімділігін арттыру мақсатында бағдарламалық ұстаным қолданылады; қажетті нормативтік құқықтық актілер әзірленуде; құрамында сынап бар пайдаланылған шамдарды бөлек тастау енгізілуде.

Сонымен бірге, аудитпен қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару үрдісінде жүйелік және оқшау сипаттағы кемшіліктер анықталды, олар ҚТҚ басқару саласында мемлекеттік саясаттың толық іске асырылмау тәуекелін арттырады.

Аудит қорытындылары бойынша 1 474,3 млн. теңге жалпы сомасына бұзушылықтар, 1 289,7 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану және 184,7 млн. теңге жалпы сомасына рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Тексеру комиссиясымен тиісті қаулы қабылданды.