Ағымдағы жылдың 16 тамызында Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында «Сәулет және құрылыс саласында жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары қарастырылды

«Сәулет және құрылыс саласында жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындылары Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен, «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС және «Астанагорархитектура» ЖШС елорданы сапалы қалалық ортамен, дамыған инфрақұрылыммен және өзіндік сәулетпен қамтамасыз ету бойынша біршама жұмыс атқарылып отырғанын көрсетті.

Қазақстан елордасының аз уақыт ішінде Орталық Азия өңірінің көрнекті мегаполисіне айналуы, оның сан жағынан да, сапа жағынан да өсімі Астана қаласының сәулет келбетімен тікелей байланысты, бұл жерде елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына сәулет саласындағы стратегиялық бастамаларды әзірлеу және ендіру арқылы тұрақты түрде септестесетін аудит объектілерінің қызметін асыра бағалау мүмкін емес.

Сонымен бірге, аудит объектілерінің жекелеген бағыттар бойынша жеткіліксіз жұмысы байқалады, бұл 572 930,9 мың теңге жалпы сомасына Қазақстан Республикасының бюджет және басқа да заңнамасын бұзушылықтарға әкелді, оның ішінде 22 480,0 мың теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтар, аталған сома толығымен өтеуге жатады (аудит барысында 2 659,7 мың теңгесі өтелді), 550 450,9  мың теңге сомасында жергілікті бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор активтерін тиімсіз пайдаланудың 12 жағдайы, сондай-ақ 89 рәсімдік бұзушылық пен кемшілік анықталды.

Негізінен, бұзушылықтар аудит объектілерінің түрлі бөлімшелері бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеу дұрыстығы, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен бекітілген тиісті есептерді тапсыру тәртібі мен мерзімдерін сақтау бөлігінде анықталды.

Мемлекеттік аудитпен бюджеттік бағдарлама мен Астана қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арасындағы өзара байланыс мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нормативтік талаптарға сәйкес келмейді деп бағаланды.

Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен ведомстволық бағынысты ұйымдарға олардың Астана қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың стратегиялық дамытудың түйінді көрсеткіштері жеткізілмейді, «Астанагорархитектура» ЖШС-не әкімшілік шығыстардың лимиттері жеткізілмеген.

Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдар кейбір қызмет түрлерін монополияға қарсы органмен келісусіз жүзеге асырады.

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларында ұйымдастырушылық құрылымы мен жалпы штат санын бекіту бойынша құзыреттілік белгіленбеген, «Астанагорархитектура» ЖШС құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс жоспарларын (жылдық, тоқсандық) әзірлеу және нәтижеге бағытталған қызмет нәтижелері бойынша есептілік қалыптастыру практикасы жоқ, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-де кейбір құрылымдық бөлімшелердің Ережелері әзірленбеген.

Құрылтайшының негізгі құқықтарының бірі дивиденд алу болуына қарамастан, екі Серіктестіктің де қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесінің болжамды көрсеткіштері жылдан жылға азаюда.

Кірістерінің азаюы мен залалдығына қарамастан, жұмыскерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығындарды арттыру орын алған.

Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. 

Отырыстан фотосуреттер