Еңбекақы төлеу қорына бағытталған жергілікті бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2022 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласының Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда еңбекақы төлеу қорына бағытталған  жергілікті бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдаланудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралады.

Осы  мемлекеттік аудит 12 білім беру объектісінде, оның ішінде 5 орта білім беру ұйымында (№1, 9, 25, 67, 73 мектептер); 5 мектепке дейінгі білім беру ұйымында  (№1, 21, 23, 55, 94 балабақшалар); 2 арнайы ұйымда (№4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, № 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) жүргізілді.

Мемлекет педагогтардың мәртебесін көтеру бойынша қабылдаған шараларға қарамастан, бюджет және басқа да заңнамалардың бірқатар қайталанатын жүйелі бұзушылықтары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктер анықталды, атап айтқанда:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің штат санының Үлгілік штаттарға сәйкестігін талдау орта білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын барлық аудит объектілері штаттық  бірліктерінің асыра бағаланғанын көрсетті.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорын бекіту кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының талаптары сақталмайды, осы арқылы Білім басқармасы жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз штат кестесінде мемлекеттік кәсіпорындардың басшы құрамы мен бас бухгалтерлерінің лауазымдық жалақыларын негізсіз бекіткен.

Білім беру ұйымдарымен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезінде оқушылардың (контингенттің) нақты саны және қаржыландыру көлемін айқындаған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі көрсетілмейді, бұл білім беру тапсырысын орналастыру нормаларының талаптарына қайшы келеді.

Білім беру ұйымдарының білім беру тапсырысы бойынша шарттық міндеттемелерді орындауы шеңберінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарға нысаналы трансферттер қаражатын пайдалануға жол беріледі, осылайша жалпы сомасы 427 652,0 мың теңгеге қаражаттың  атаулылығы мен нысаналы мақсаты қағидаты бұзылады.

Жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің жалақысы мен қосымша ақысын есептеу бойынша бұзушылықтарға жүйелі негізде жол беріледі, лауазымдарды қоса атқарған кезде нормативтен тыс педагогикалық жүктемелер негізсіз белгіленеді.

Білім беру процесінде жұмыс істейтін әкімшілік қызметкерлердің (директорлардың орынбасарларының) оқу жүктемесінің заңнамада белгіленген шегінен асып кетуіне, сондай-ақ жұмыс және қоса атқару негіздері бойынша лауазымдық бірліктердің, білім беру процесінде жұмыс істемейтін әкімшілік қызметкерлердің жұмыс уақытының жиынтық ұзақтығынан (12 сағаттан астам) асып кетуіне жол берілген.

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарда сыйақыларды төлеу 30% шектеуді сақтамай барлық ерекшеліктер бойынша игерілмеген қаражат есебінен, соның салдарын Бюджет кодексін бұза отырып, жалпы сомасы 93 597,4 мың теңгеге тиісті бекітілген еңбекақы төлеу қорынсыз сыйақылар төлеу арқылы мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану орын алады.

Бейінді емес білімі бар қызметкерлерді негізгі жұмысқа қабылдау, бекітілген Біліктілік талаптарына сай келмейтін қызметкерлерді лауазымға тағайындау фактілеріне жол берілген.

Білім беру ұйымдарының қаржылық есептілігінің деректерін бұрмалау фактілері бар, жекелеген объектілер тиісті деңгейде бухгалтерлік есеп жүргізбейді, жекелеген ұйымдардың бас бухгалтерлерінің жеке карт-шоттарына ақшалай қаражатты заңсыз аудару жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері атап өтіледі.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 476 152,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 5 253,5 мың теңге қалпына келтірілуге тиіс, 470 899,2 мың теңге өтелуге тиіс (отырыс өткізілгенге дейін 214 017,5 мың теңге өтелді). бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлау сомасы - 264 343,9 мың теңгені, тиімсіз пайдалану сомасы - 750 161,2 мың теңгені , ықтимал шығындар мен жоғалған пайда сомасы - 63 504,9 мың теңгені құрады, сондай-ақ 114 рәсімдік бұзушылықтар мен 42 жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы тиісті органдарға әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 3 ұйым бойынша 5 факті материалдар жолдады, екі ұйымның қызметкерлері айыппұл төлей отырып, 3 факт бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының  аудиторлық іс-шарамен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін тапсырмалар мен ұсынымдар әзірлеп ұсынды.