Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, жергілікті бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер түсімдерінің толықтығы мен уақтылығына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары

2022 жылғы 14 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының  кезекті отырысы өтті. Отырыста талқыланды, жалпы алғанда елорданың мемлекеттік кірістер органдары бюджетке  салықтар мен төлемдер түсімдерінің толықтығы  мен уақытында орындалуын қамтамасыз ететінін көрсетті. Сонымен қатар, аудит салықтар мен бюджеттік  төлемдер түсімдерін  қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс белгілі бір бұзушылықтар мен кемшіліктермен іске асырылып, оның ішінде жоспарлау кезеңінде  жол берілетіні  анықталды.

Тексерілген кезеңде салықтық түсімдер бойынша жоспардың едәуір асыра орындалуы байқалады, оның ішінде 2020 жылы – 31 751 761,4 мың теңгеге немесе 10,6%-ға, 2021 жылы – 45 849 723,9 мың теңгеге немесе 11,2%-ға, ал 2019 жылы 3 441 292,9 мың теңгеге немесе 1,3%-ға жоспарлы мәндерге қол жеткізілмегені байқалды.

Салық түсімдерінің толықтығын көрсететін негізгі факторлары  салықтар мен төлемдер берешегі, артық төленуі, сомалардың (қате) қайтарылуы және есепке алынуы болып табылады. Аудит берешектің жыл сайын өсу фактісін атап өтеді, өткен жылдардың берешегін ағымдағы кезең берешегімен бірге жинау арқылы өндіріп алу жұмысының нашарлығын көрсетеді. Мысалы, аудит өткен жылдардың берешегін ағымдағы кезеңнің берешегімен бірге жинау арқылы өндіріп алу жөніндегі жұмыстың  нашарлығын көрсетіп, жыл сайын берешектердің  өсу фактісін атап өтеді.  2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке жалпы берешек сомасы 3 878 102,0 мың теңгені құрады, жыл ішінде берешек сомасы 3 354 526,0 мың теңгеге (86,5%-ға) өсті және 7 232 628,0 мың теңгені құрады. Берешектің өсу үрдісі 2021 жылы да байқалды, ол 10 856 526,2 мың теңгеге (150,1%-ға) ұлғайып және кезең соңында 18 089 155,0 мың теңгені құраған.

Салықтық тексерулердің қорытындылары бойынша 2020 жылы қосымша есептеу 20 554 721,0 мың теңгені және 2021 жылы – 15 455 482,0 мың теңгені құрады, бұл осы қызметтің белгілі бір тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері  заңнаманы бұза отырып, 2020 жылы белгіленген мерзімнен 4 салықтық тексеру, 2021 жылы 8 салықтық тексеру (жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының мерзімі өткен 104 тексеруін есептемегенде) асыра жүргізілген. Сонымен қатар, осыған  ұқсас бұзушылықтарға жол берген қызметкерлер таңдамалы түрде жазаланған: осы тексерулерге қатысқан 10 қызметкердің тек 1-і ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Салықтық әкімшілендірудің ішінара жүргізілген аудит  жалпы сомасы 188 905,7 мың теңгеге көзделген салықтардың есептелмеуіне әкеп соққан бұзушылықтар мен кемшіліктер, сондай-ақ жалпы сомасы 202 169,4 мың теңгеге бюджеттің ықтимал шығындарды анықтады.

Мысалы, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының есеп айырысуларын  жүргізбеген салық төлеушілер анықталды, салық міндеттемелердің  жалпы сомасы 81 013,1 мың теңгеге толық көлемде және уақытында орындалмаған, оның ішінде: Алматы ауданы бойынша жалпы сомасы 9 643,2 мың теңгеге, Байқоңыр ауданы бойынша - 4 881,5 мың теңге, Сарыарқа ауданы бойынша - 19 699,8 мың теңге, Есіл ауданы - 46 788,6 мың теңгеге орындамаған. Әлеуметтік салық бойынша есеп айырысуды жүргізбеген салық төлеушілер жалпы сомасы 36 430,9 мың теңгеге салық міндеттемелерін орындамаған, оның ішінде: Алматы ауданы - 11 341,9 мың теңгеге, Байқоңыр ауданы бойынша - 3 795,5 мың теңгеге, Сарыарқа ауданы бойынша - 20 141,3 мың теңгеге,  Есіл ауданы бойынша - 1 152,2 мың теңгеге орындамаған.

2020-2021 жылдары жылжымайтын мүлікті сатудан табыс тапқан 31 салық төлеуші салық есептілігін тапсырмағаны туралы ескерту шараларын қолға алмағандықтан жергілікті бюджетке салықтың толық түспеуі 52 853,4 мың теңгені құрады, оның ішінде Алматы ауданы бойынша жалпы сомасы 12 527,2 мың теңгені, Байқоңыр ауданы бойынша - 6 553,5 мың теңгені, Сарыарқа ауданы бойынша – 29 265,3 мың теңгені, Есіл ауданы бойынша – 4 507,4 мың теңге.

Салық органдарының камералдық бақылауды жүзеге асыруында елеулі кемшілік уәкілетті органдардың жекелеген салық түрлерін есептеу үшін қажетті ақпаратты беруі үшін заңнамалық бекітілген нысандардың болмауы болып табылады. Атап айтқанда, жеке тұлғаның мүліктік табысы бойынша төлеуге  тиіс  ЖТС салатын объектілер  бойынша мәліметтерді  ұсынудың  бекітілген нысандары жоқ.

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысты ұйымдастыруы мен  жоспарлы қызметі айтарлықтай әсер етеді, олар елеулі кемшіліктермен және бұзушылықтармен жүзеге асырылады.

Департаменттің жұмыс Регламентінің жекелеген нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді. Регламент нормаларын бұза отырып,  Департаменттің жекелеген құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде аудандық басқармалар жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту мерзімдерін сақтамайды, бекіту күндері мен қажетті келісулер жоқ, жылдық жоспарларды Департамент басшысы бекітпеген, жоспарланған іс-шаралар жинақталған түрде көрсетілген, жоспарланған іс-шаралардың нәтижелілік көрсеткіштері және оларды орындау мерзімдері жоқ. Жекелеген жағдайларда жылдық жұмыс жоспарлары іс-шараларының орындалуын растайтын құжаттар жоқ. Құрылымдық бөлімшелердің жекелеген ережелері мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейді.

Елорда  салық базасына жүргізілген талдау «Астана - жаңа қала» ЕЭА мақсатына сәйкес келмейтін қызметтерді  жүзеге асыратын не іс жүзінде отандық тауар өндіруші  болып табылмайтын  «Астана - жаңа қала»  ЕЭА қатысушыларына қатысты салық саясатының өзгеруі салық түсімдерінің елеулі резерві болып табылуы мүмкіндіктерін  көрсетті.

Жалпы аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 188 905,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды, оның ішінде бюджет кірісіне түсуге тиіс  188 905,7 мың теңге (аудит барысында бюджет кірісіне 170 923,4 мың теңге түсті), бюджеттің тікелей (жанама) шығындары 202 169,4 мың теңгені, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 31 136 875,2 мың теңгені құрады, 80 рәсімдік бұзушылық және 35 кемшілік анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясының тапсырмалары мен ұсынымдары жолданды.