Тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындылары

2021 жылғы 27 желтоқсанда өткен Тексеру комиссиясы отырысында «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы»  ММ (бұдан әрі – Басқарма) және «№1 автобус паркі» АҚ (бұдан әрі – №1 Автопарк)  тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындылары  шығарылды.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша Басқармада орын алатын  жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Мемлекеттік орган және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу кезінде заңнама талаптары сақталмаған, лауазымдық нұсқаулықтарды сапасыз әзірленген, жұмыс жоспарының атқарылу жөніндегі есептер жоқ, құрылымдық бөлімшелердің іс-шараларды жоспарлау кезінде қызметтік міндеттеріне  үстірт қарайтынын көрсетті.

Сонымен қатар, бюджет қаражатын жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімдерде қамтылатын есептемелерде ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы қамтамасыз етілмеген, бюджеттік бағдарламаға жауапты тұлға Басқарма басшысының бекіту туралы бұйрығына сәйкес келмейді.

Әр түрлі төлемдік технологиялық жүйелерді қолдану бөлігінде ҚР заңнамасында қайшылықтардың  орын алатыны анықталды.

Басқармада қаржылық субсидиялар сомасын уақытында және толық аудару туралы шарттардың орындалу  талаптары сақталмайды, бұл автобус парктерінің кредиторлық берешегінің пайда болуына әкеп соққан. Тасымалдаушылардың қаржы лизингінің  шарттары бойынша едәуір берешек жинақталған.

Қарсы тексеру қорытындысы бойынша №1 Автопаркте негізсіз төленген жалақы, қызметкерлерге сыйақы беру, жалға берілген автомобильді сақтандыру және көлік салығы бойынша шығыстарды өтеу жөніндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер  байқалады,  өнім берушілердің мерзімі өткен дебиторлық берешегін өндіріп алу тиісті деңгейде жүргізілмейді, автомобильді жалдау құнын төмендетуге, ақша қаражатын тиімді пайдаланбауға жол берілген, сонымен қатар, кассалық тәртіп бұзушылықтары орын алып, жалақыны кассалық қолма-қол төлеу және 2019-2021 жылдардағы қаржылық есептілікті бұрмалау фактілері анықталды.

№1 Автопарк кәсіпорны жолаушыларды тасымалдау маршруттарында автобустардың жоспарлы көлемін тұрақты түрде қамтамасыз ете алмайтыны анықталды, сонымен қатар, Басқарма тарапынан №1 Автопаркінің жылжымалы құрамдарын жолаушыларды  тасымалдау маршруттарынан тыс қаланың өзге де мұқтажына пайдалану жүргізіледі. Автобустар бұзылған жағдайда 20% мөлшерінде көзделген жылжымалы құрамдар қажетті резервпен қамтамасыз етілмейді.

Жолаушыларды тасымалдау қызметтерін ұсыну кезінде билетсіз жолаушыларды анықтау  және мобильді қосымшалар құралдары бойынша жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу жүйесіндегі жүйелі іркілістер мен тасымалдаушыларды CDB-4 терминалдарымен қамтамасыз ету бөлігінде техникалық кемшіліктер байқалады, бұл өз кезегінде автобус парктерінің кірісіне теріс әсерін тигізді.

№1 Автопарк кәсіпорнында тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен негізсіз шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың елеулі  бұзушылықтарына жол берген, шарттардың орындалуы қамтамасыз етілмеген,  өнім берушілерді  мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану бойынша шаралар қолданылмаған, сондай-ақ тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы есептерді орналастырмау орын алады.

Аудит автобус тұрақтарын жалға алу шарттары, жалға алынған үй-жайлар дұрыстығын қамтамасыз ету және қызметтік автомобильдерді кешенді жинау бойынша сомалардың көтерілгені анықтады.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша білікті жүргізушілер құрамының тапшылығы орын алады, осыған байланысты автобус парктері жылжымалы құрамдарды кестеге толық енгізіп, жолаушыларды қолжетімді көлікпен қамтамасыз ете алмайтынын көрсетті.

Елорда автобус парктерінде жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі енгізілген кезде парктің кондукторлық құрамы қысқартылды, соның салдарынан билетсіз жолаушылардың күрт өсуі орын алған, бұл жолаушылар тасымалдаушыларының  табысына да әсер етті.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 117,8 млн.теңгеге қаржылық бұзушылық, оның ішінде №1 Автопарк  кірісіне өтеуге тиіс – 31,9 млн. теңге (аудит барысында өтелгені – 5,1 млн. теңге), қалпына келтіруге тиіс – 85,9 млн. теңге анықталды (аудит барысында қалпына келтірілгені – 60,5 млн. теңге), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға - 28 785,5 млн. теңге, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалануға – 8,3 млн. теңге, ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда 656,8 млн. теңгені құрады,  55 рәсімдік және 24 жүйелік сипаттағы бұзушылықтар ашылды.

Уәкілетті органдарға мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасы бұзушылықтары  бойынша әкімшілік іс рәсімдеу үшін 5 факті бойынша материалдар тапсырылды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша аудит объектілеріне  анықталған кемшіліктерді, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау тапсырылды, сондай-ақ  өзге де  бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.