Тұрғын үй саласында бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне, сондай-ақ жергілікті бюджетке салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз етуге жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары

2021 жылғы 23 желтоқсанда өткен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының  кезекті отырысында  тұрғын үй саласында бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне, сондай-ақ жергілікті бюджетке салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз етуге жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Мемлекеттік аудит барысында 3 нысан, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы (бұдан әрі – Тұрғын үй басқармасы), сондай-ақ оның екі ведомстволық бағынысты ұйымы «Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ КМК (бұдан әрі- «Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорны) және «Тұрғын үй қоры» КММ (бұдан әрі-«Тұрғын үй қоры»  мекемесі) қамтылды.

Жалпы Тұрғын үй басқармасы тарапынан жергілікті бюджет әкімшісі ретінде жоспарланған бюджет қаражаты  шеңберінде көзделген іс-шаралар  іске асырылады, алайда басқарма қызметінде бірқатар  бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, олардың кейбіреулері жүйелі сипат алған.

Мысалы, бюджеттік бағдарламаларды жасау кезінде тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нақты айқындалмаған, нормативтік-құқықтық базаны дұрыс  қолданбауының себептерінен бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау  және пайдалану  анықталды.

Аудит объектілері қызметінің талдамасы Тұрғын үй басқармасында және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жұмыс жоспарларын дұрыс жасамау, істер номенклатурасын, бөлімдер туралы ережелерді дұрыс әзірлемеу түріндегі жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілетінін көрсетті.

Тұрғын үй басқармасында тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары өз деңгейінде іске асырылмайды, көп пәтерлі тұрғын үйлерді меншік иелерінің бірлестіктеріне немесе жай серіктестікке көшіру, сондай-ақ Басқарманың жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің тарапынан бақылау функциялары өз деңгейінен  төмен  атқарылады.

Тұрғын үй басқармасының қызметін саралау тұрғын үйді жалға алу шарттарын ұзарту кезінде тұрғын үйді қайта беру туралы әкім қаулысының жобасын шығарту жөніндегі артық функцияны анықтады.

«Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорны тиісті ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) бермей меншік иелеріне өтемақы төлей отырып, жер учаскелерін босату және ғимараттарды бұзу жөніндегі қызметтің негізгі түрін жүзеге асырады.

Тұрғын үй басқармасы мен «Тұрғын үй қоры»  мекемесі арасындағы өзара іс-қимылды реттеу тетігінің болмауына байланысты жекелеген өкілеттіктер қайталанады.

Сондай-ақ, «Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорны мен «Тұрғын үй қоры»  мекемесінде өз қызметкерлерін  басқа ұйымдарға ұзақ мерзімді  іссапарға жіберу орын алған, осының салдарынан еңбек ресурстарының тиімсіз басқару  атап өтілді.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органның еңбекақы төлеу жүйесін бекітпеуіне байланысты «Қалалық жылжымайтын мүлік» кәсіпорнын қаражатты тиімсіз пайдалануына  алып келген.

«Қалалық жылжымайтын мүлік»  кәсіпорнының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде ірі көлемдегі  дебиторлық және сонымен бірге,  кредиторлық берешектердің болуын, сондай-ақ таратылған банкте ақшалай қаражаттың  болуына байланысты қаржылық тәуекелдік қауіптер анықталды.

Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу кезінде құрылыс нормаларының сақталмауына  байланысты «Қалалық жылжымайтын мүлік»  кәсіпорны  мен  «Тұрғын үй қоры»  мекемесі көзделмеген жұмыстар мен шығындарды, қысқы уақыт шығындарын, құрылыс материалының құнына сметалық пайданы негізсіз төлеген, сондай-ақ бұзылатын нысан аумағына уақытша қоршауды негізсіз орнатуға жол берген.

«Қалалық  жылжымайтын  мүлік»  кәсіпорнында мүліктік нормалардың сақталмауына байланысты  ЖЖМ есептен шығару кезінде қаржы ресурстары тиімсіз және негізсіз пайдаланылған.

Жергілікті бюджетке салықтық емес түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын  қамтамасыз ету іс-шараларын  талдау барысында болжамды түсімдердің дұрыс жоспарланбағанын, сондай-ақ коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу мен  жекешелендіру үшін берешектің орын алған фактілерін анықтады.

Сонымен бірге, коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін баспанаға жалдау ақысын анықтау кезінде заңнамада ағаттық  анықталды.

Қаржылық операцияларды уақытында үнемі көрсетпеу, сондай-ақ бухгалтерлік есептерді тіркемеу  түріндегі бухгалтерлік есеп бұзушылықтар атап өтілді.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша барлығы 118 614,2 мың теңге сомасына бюджеттік түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ, 68 743,5 мың теңге сомаға бюджет қаражатын жұмсау және  мемлекет активтерін пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде өтеуге тиіс  11 689,8 мың теңге, қалпына келтіруге тиіс  57 564,4 мың теңге, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлау сомасы 12 955 646,0 мың теңгені, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану 1 432 699,0 мың теңгені құрады, сондай-ақ 84 рәсімдік бұзушылық және 31 жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы тапсырмалар мен ұсынымдарды әзірлеп, аудит нысандарына  жіберілді.