Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі мемлекеттік аудитінің қорытындылары

2023 жылғы 11 мамырда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды,  ол жергілікті бюджеттің және аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің  барлық елеулі қатынастарында  2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржылық ахуалды, нәтижелерді нақты көрсететінін және 2022 жылғы қаржы-шаруашылық қызмет және ақша қаражатының қозғалысы, ескертпемен пікір білдіру үшін негізді қамтитын бөлімде баяндалған мән-жайлардың қаржылық есептілікке ықпалын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған  талаптарға сәйкес келетінін анықтады.

Алынған аудиторлық дәлелдемелер негізінде ескертпемен пікір білдірілді, өйткені бұрмаланудың қаржылық есептілікке әсері жалпы алғанда қаржылық есептілік үшін маңызды, бірақ жан-жақты емес деген қорытынды жасалды.

Мысалы, ЖБ ШҚЕ үшін 28 007 393,7 мың теңге мөлшерінде жалпы мәнді шегі орташа мәнге ие болған кезде осы аудиттің нәтижелері бойынша және Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ақпараты бойынша елеулі болып табылатын қаржылық есептіліктің бұрмалануының жалпы сомасы 60 250 413,4 мың теңгені құрады ұрылыс басқармасы – 4 244 419,1 мың теңге,  Энергетика басқармасы – 22 901 324,1 мың теңге, Көлік басқармасы – 1 513 817,5 мың теңге, Цифрландыру басқармасы – 2 200 712,2 мың теңге, Табиғатты пайдалану басқармасы – 4 611 256,2 мың теңге. Дін істері басқармасы – 47 267,6 мың теңге, Білім басқармасы – 24 638 882,8 мың теңге, Инвестициялар басқармасы – 89 434,9 мың теңге, Ішкі саясат басқармасы – 836,4 мың теңге, Активтер басқармасы – 2 462,6 мың теңге).

ББӘ қаржылық есептілігінің бұрмалануына қаржылық есептіліктің келесідей  негізгі элементтері бойынша жол берілген:

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қаржылық инвестициялардың баланстық құны  бойынша дұрыс көрсетілмеуі, оның әділ құны көрсетілуі қажет;

- негізгі құралдар мен аяқталмаған құрылыстың көріністерінің көрсетілмеуі және дұрыс көрсетілмеуі.

Сонымен қатар, бұзушылықтар мен кемшіліктер, оның ішінде ықтимал бұрмалану қаупін көрсететін ішкі бақылау жүйелері анықталды, мысалы:

- қаржылық есептіліктің жекелеген элементтері бойынша активтер мен міндеттемелерді түгендеудің болмауы;

- бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуден жалтару;

- қаржылық есептіліктің жекелеген элементтерін бастапқы құжаттармен растамау;

- бухгалтерлік құжаттарды тиісінше ресімдемеу.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің жалпы сомасы 56 776 858,4 мың теңгеге бұрмалануы, жалпы сомасы 3 420 429,9 мың теңгеге рәсімдік бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің бұрмалануы, 25 рәсімдік және 8 жүйелік кемшіліктер, сондай-ақ жалпы сомасы 16 597,4 мың теңгеге өзге де қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтарға жол берудің негізгі себептері ЖББӘ қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы, лауазымды тұлғалардың  құзыретінің жеткіліксіз деңгейі, басшы құрам тарапынан ЖББӘ қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын сақтауына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеуі болып табылады.

Аудит нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясы бұрмаланған қаржылық есептілікті жасаудың және бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтарудың 10 фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды Астана қаласы бойынша  Ішкі аудит департаментіне жолдады.

Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.