Халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары

2022 жылғы 6 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясы (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету тиімділігіне  мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит  Нұр-Сұлтан қаласының  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) және Басқармаға қарасты денсаулық сақтау  ұйымдары   сапалы медициналық қызмет көрсетуге  бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізетінін көрсетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит көрсеткіштері аясында  мемлекеттік аудит объектілеріне жүргізілген талдау бірқатар жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтарды, сондай-ақ Басқарма мен медициналық ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін резервтердің  мүкіндіктерін анықтады.

Мысалы, Басқарманың ведомстволық бағынышты  ұйымдарында корпоративтік басқаруға қатысты бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алады.

Қазақстан Республикасының бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану заңнамасын  қолдану кезінде ғимараттарды күрделі жөндеу бойынша инфрақұрылымды дамытудың перспективалық жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы, онда медициналық  құрал жабдықтарды сатып алу жөніндегі іс-шаралардың болмауы, тақырыптық мәселелер бойынша фактілер мен мәнінің құрылымы, сондай-ақ өтініштер мен шағымдарды есепке алудың болмауы атап өтіледі.

Басқарудың кейбір функциялары  тиісті деңгейде  жүзеге асырылмайды, бұл ретте ведомстволық бағынысты ұйымдарда  еңбекақы төлеу қоры бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен сомадан артық шығыстарға жол беріледі.

Өнім берушілердің медициналық техникаларға  кепілдікті сервистік қызмет көрсетілуі  қамтамасыз етілмейді, дәрігерлік және орта медициналық мамандармен қамтамасыз етілу жылдан жылға төмендеу үстінде, бос жұмыс орындардың көлемі орта есеппен 25% - ды құрайды, бұл ретте, Денсаулық сақтау мамандары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарымен қамтамасыз етуді жоспарлау жүргізілмейді, біліктілікті арттыру курстарынан өткендердің есебі жүргізілмейді, сонымен қатар медициналық персоналды шетелде оқуға жіберу кезінде денсаулық сақтау саласындағы мамандардың жұмыс өтілі бөлігінде қосымша және бейресми білім беру қағидаларының талаптары сақталмайды.

Аудиторлық іс-шара барысында Басқармаға ведомстволық бағынышты  медициналық ұйымдарда (Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 Көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - №1 КҚА, Кәсіпорын),  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да (бұдан әрі-№2 КҚБА, Кәсіпорын),  Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 Қалалық емхана»  ШЖҚ МКК (бұдан әрі - №3 емхана, Кәсіпорын) кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, Кәсіпорынның  Жарғылық қызметін кеңейту бойынша шаралар қабылданбайды ( №1 КҚА, №2КҚБА).

Ғимараттың шатырын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар көлемін  растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген (№1 КҚА), бухгалтерлік есеп, сәулет, қала құрылысы қызметі саласындағы заңнама талаптарын ескере отырып, негізгі құралдардың сақталуын тиісінше есепке алуды және бақылауды ұйымдастыру мақсатында осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасымен тиісті жұмыс жүргізілмеген,  сапалы орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының фактілері туралы тек  2018 жылы ғана  Денсаулық сақтау басқармасына, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына, «Алматы»  ауданы әкімінің аппаратына хат жіберумен шектелген ( №1КҚА).

Жүгінген  пациенттерді  емдеуге жатқызудан бас тартулар орын алған  кезде олардың бас тартуының себебі туралы ақпарат жоқ, сонымен қатар пациенттерге медициналық көмек көрсету процесіне қатыспайтын стационарда төсек-орындардың бос тұру  жағдайлары бар, бұл №1 КҚА және №2 КҚБА құрылымдық бөлімшелері шеңберінде төсектердің тиімді бөлінбейтінін  куәландырады, пациенттердің өтініштері  мәні бойынша есепке алынбайды, тәжірибелі мамандар қатарынан комиссия құрып, өтініштерді қарау хаттамалары ( №1КҚА) жоқ.

Пациенттерге жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша толық емес ден қою шаралары қабылданады, ауруханаішілік инфекциялар (№1 КҚА) бөлігінде индикаторды бағалау және орындау бойынша тиісті қызметтің жоқтығы байқалады, медициналық бұйымдарды (№1 КҚА) және дәрі -дәрмектерді (№2 КҚБА) жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды.

Қаланың медициналық ұйымдарында бірқатар активтер тиімсіз пайдаланылуда,  №2 КҚБА және №3 емхананың кейбір бөлімшелерінде медициналық бұйымдармен  жарақтандыру төмендігі байқалады, жыл сайын дәрігерлік және орта медициналық қызметкерлермен жасақталудың төмендеу үрдісі байқалады, сонымен қатар, қызметкерлерге жүктемені азайту үшін бос жұмыс орындары Кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне бөлінбейді, жалақы мәселелерінде де бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша барлығы 441 563,5 мың теңге сомаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жұмсау кезінде қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде өтеуге  тиіс  28 591,6 мың теңге (отырыс өткізілгенге дейін 4 130,1мың теңге өтелді), қалпына келтірілгені 412 971,9 мың теңге (отырыс өткізілгенге дейін 1 053,1 мың теңге қалпына келтірілді), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау қаражаты- 18 695 083,6 мың. теңгені, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 2 984 528,3 мың теңгені құрады, жалпы сомасы 496 258,2 мың теңгеге жоғалған пайда мен экономикалық шығындар , сондай-ақ 182 рәсімдік бұзушылық және 60 жүйелі проблемалар мен кемшіліктер фактілері анықталды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.