Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы И.Л. Ақпомбаевтың Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 25 жылдығын атап өтуге арналған салтанатты жиында сөйлеген құттықтау сөзі

Құрметті Наталья Николаевна!

Құрметті әріптестер, Есеп комитетінің ардагерлері!

Сіздерді және барлық әріптестеріңізді айтулы күнмен – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын.

Осы жылғы маңызды мемлекеттік мерейтой – республикамыз тәуелсіздігінің  30 жылдығымен ұштасып келіп отыр. Есеп комитеті  еліміздің  қалыптасуына айтарлықтай  үлес қосқаны сөзсіз.

Өткен жылдары Есеп комитеті пәрменді және тиімді мемлекеттік бақылау институты ретінде қалыптасып қана қоймай, сонымен қатар негізгі мемлекеттік міндеттерді, оның ішінде халықаралық деңгейде шешуде маңызды буынға айналды. Есеп комитеті ұжымының Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит органдарын дамытуға, қаржылық  бақылаудан мемлекеттік аудит жолына көшуді қамтамасыз етуге қосқан үлесі даусыз болып табылады. Ол үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, озық әдістер мен рәсімдерді енгізу, кадр мәселелерін шешу, олардың біліктілігін арттыру және лайықты еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша орасан зор жұмыс жүргізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудиттің кадрлық әлеуетін едәуір арттыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік аудиторларды сертификаттау сәтті енгізілді.

Қазір Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылған есеп комитеті қызметінің нәтижелері айқын көрініп тұр. Мемлекеттік аудит органдары бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сақталуы мен заңдылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етуге маңызды үлес қосатын мемлекеттік басқаудың маңызды құралына айналды.

Айта кету керек, биылда  өзінің мерейтойын – құрылғанына 10 жыл толуын атап өтіп отырған республиканың облыстары мен қалаларының  тексеру комиссияларымен өзара іс-қимыл жөніндегі Есеп комитеті жүргізген орасан зор жұмысын  жеке атап өткім келеді. Сонымен, Есеп комитеті тұрақты негізде тексеру комиссияларының қызметіне мониторинг, бақылау және талдау жүргізеді, мемлекеттік аудит стандарттарын сақтау, аудиторлық, сараптамалық-талдау іс-шараларын сапалы жүргізу бойынша әдіснамалық көмек көрсетеді, сондай-ақ  Есеп комитеті мен Тексеру комиссияларының ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыс жүргізеді.Есеп комитетінің күш - жігері тексеру комиссияларының даму деңгейін едәуір арттырды, олардың тәуелсіз және тиімді органдар ретінде қалыптасуын қамтамасыз етті.

Орныққан қағидаттарға адалдық, Тәуелсіздік пен объективтілік біздің қызметіміздің басты өлшемдері болып қала беретініне сенімдімін.

Қорытындылай келе, барлық Тексеру комиссияларының атынан Есеп комитетінің бүкіл ұжымына денсаулық, бақыт, амандық, қаржылық тұрақтылық, кәсіби табыс және Сіздің басшылығыңызбен жаңа жетістіктер тілеймін!

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
Тексеру
комиссиясының төрағасы  И.Л. Ақпомбаев