Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні – Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтіні

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай. 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай!

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!