Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл «Қазақстан-2050» стратегиясының басты бағыттарының бірі ретінде айқындалған, онда «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады» деп көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі ең маңызды экономикалық және саяси міндеттерді шешуде кедергі туғызады, қоғамның мемлекетке деген сенімін азайтып, халықаралық қатынастардың дамуына кері әсерін тигізеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды тұлғалар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруы тиіс.  

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күреске үлесін қосады.

Осылайша, қоғам мен тиісті мемлекеттік органдар бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіліп, құқық қорғау органдары қылмыстық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының белгілерін анықтау жағдайлары бойынша хабардар етіледі.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-сайтында тұрақты негізде орналастырылады.

Бұл ретте, ведомство ішінде де жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі       іс-шаралар жоспарын бекіту және орындау жолымен жүргізіледі.

Тұрақты түрде, құқықтық жаппай оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді зерделеу қамтамасыз етіледі.

Жыл бойы Тексеру комиссиясының қызметкерлері мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен ұйымдастырылатын арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуға жолданады.

Сонымен қатар, Тәртіптік кеңестің, Астана қаласының құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша кездесулер өткізіледі.

Сондай-ақ, аудиторлық іс-шаралар жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға айрықша көңіл бөлінеді.  

Мысалы, әрбір аудит объектілеріне бару алдында аудиторлық іс-шара топтарының қатысушыларына міндетті түрде нұсқаулық өткізіледі, мүдделер қақтығысына жол берілмейді.

Бұдан бөлек, Тексеру комиссиясы қызметінің ерекшелігін ескере отырып, барлық қызметкерлер туындайтын мүдделер қақтығысы жөнінде басшылықты хабардар ету бойынша жазбаша түрде міндеттеме алған.

Тексеру комиссиясы қызметкерлерімен Әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері жөнінде азаматтарды ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында, Тексеру комиссиясының ғимаратында өтініштерге арналған жәшік орнатылған, сондай-ақ БАҚ-да және ведомстволық сайтта жарияланған сенім телефоны жұмыс істейді.

Осылайша, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жалпы жемқорлықтың алдын алу бойынша барлық қажетті іс-шаралар қабылданады.

Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясы
сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы 
Е. Рашидов

Астана ақшамы 2017 жылғы 22 маусымдағы №73